- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
ҚАРАҚИЯЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ТЕАТРЛАРЫ ФЕСТИВАЛІНДЕ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Қарақиялық «Бостан» әзіл-сықақ театрының ұжымы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлары фестивалінде I орын иеленді. Бұл туралы Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараев мәлім етті.
Өнер додасы Қостанай қаласында өтті. Шара белгілі сатирик, жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметовты еске алу мақсатында ұйымдастырылған.
«Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен «Екі езу», «Бәке-Сәке», «Мың бұлақ» сынды 16 әзіл-сықақ театры қатысты. Маңғыстаудың атынан өнер көрсеткен «Бостан» әзіл-сықақ ұжымы I орынға ие болды. Бұдан бөлек, қарақиялық әртістер «Ғұмар Ахметчин» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды. Айта кетейік, қазылар алқасының құрамында белгілі сатирик, Президент сыйлығының иегері Көпен Әмірбек және Зәмзәгүл Кенжеахметова болды», - деді Дүйсенбай Атағараев.
- 04.05.2021
- 203