• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің төрағалығымен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының кеңесі өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің төрағалығымен өткен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының кеңесінде ведомство вице-министрі Әлібек Қуантыров экономикалық жағдайды тұрақтандыру және макроэкономикалық тұрақтылықты арттыру жөніндегі бірлескен шаралар туралы айтты.

«Біздің елдеріміздің интеграциялық процестерін одан әрі тереңдету – өңірді тұрақты дамытудың бір жолы. Біздің басты міндетіміз – ғаламдық катаклизмдерге уақытылы ден қою үшін күш-жігерімізді, материалдық және зияткерлік ресурстарды біріктіру. Бүгінгі өзекті экономикалық мәселелерді талқылау және оларды алдағы уақытта шешу ЕАЭО тиімділігін арттыруға қомақты үлес қосатынына сенімдімін», - деді Ә. Қуантыров.

Министрдің орынбасары өз сөзінде Қазақстан барлық күш-жігерін Одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының тұрақтылығын айқындайтын, белгіленген мәндердің ковенанттарын сақтауға жұмсайтынын атап өтті.

«Өткен жыл ерекше болды. Орта мерзімді перспективада сапалы экономикалық өсу салық-бюджет тұрақтылығын сақтау және тиімді ақша-несие саясатын жүзеге асыру, сондай-ақ бәсекеге қабілетті және тиімді қаржы нарығын дамыту арқылы қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылғы инфляция 4-6% деңгейінде белгіленді. Біз нәтижеге бағытталған бюджет саясатын жетілдіруді жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деп қосты Әлібек Қуантыров.

Министр орынбасарының айтуынша, мүше мемлекеттер келісілген макроэкономикалық саясатты экономикалық дамудың тұрақтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің үш сандық мәні: мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджет тапшылығы, мемлекеттік басқару секторының борышы және инфляция шеңберінде жүргізуге тиіс.  

Ол Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарды жүзеге асыру ЕАЭО елдерінің ортақ экономикалық мүдделеріне жауап беретінін, атап айтқанда, өзара сауданы нығайтуға, бизнесті қолдауға және цифрландыру мен көлік логистикасы саласында өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретіндігін баса айтты.

Вице-министр мемлекеттік қолдаудың ауқымды шаралары арқасында ЕАЭО елдерінде айтарлықтай экономикалық күйреуге жол берілмегенін атап өтті. Қазақстан Үкіметі халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және халықтың табыс деңгейін сақтап қалу бойынша белсенді шаралар қабылдады, сол арқылы 2020 жылы ел экономикасының төмендеуін 2,6%-ға дейін шектеді. Қолайлы эпидемиологиялық ахуал кезінде экономиканың ағымдағы жылдың соңына дейін кемінде 3% деңгейіндегі оң өсуге шығуы күтілуде.

Бұған қоса, іскерлік белсенділік жанданған сайын, экономиканың нақты секторы салаларындағы өсу, көрсетілетін қызметтер саласындағы өсудің қалпына келуі, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды белсенді іске асырудың нәтижесінде халықтың жұмыспен қамтылуы мен халық кірістерінің артуы күтілуде.

Экономика министрліктері басшыларының кеңесіне Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Максим Решетников, Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрі Владимир Колтович, Қырғыз Республикасының Экономика және қаржы министрі Улукбек Кармышаков, сондай-ақ Интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев қатысты.

  • 04.05.2021
  • 255
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика