• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әкім лауазымына кандидатураны ауыл тұрғындарының өздері ұсына алады — Ә. Әбдіқадыров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Мемлекет басшысы мұны елді демократияландырудағы және жергілікті басқару институттарын нығайтудағы маңызды қадам деп атады.

Президент Жолдауын іске асыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуге арналған тиісті түзетулерді әзірледі.

Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, 800 ауыл әкімін тікелей сайлау осы жылдың екінші жартыжылдығында, қазіргі әкімдердің өкілеттік мерзімі шыққан кезде өтеді.

Өз кандидатурасын ауыл тұрғындарының өздері де, өз мүшелерінің арасынан тіркелген саяси партиялар да ұсына алады.

Сондай-ақ ауыл әкімдігіне кандидаттар болмаған не ұсыну мерзімі аяқталған кезде бір ғана кандидат ұсынылған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің жергілікті қауымдастық жиналысының келісімі бойынша екі кандидатқа дейін сайлауға қатысуды қамтамасыз ете отырып, кандидаттарды немесе өз кандидатын ұсынуға құқығы бар.

«Ауыл әкімдерінің өкілеттік мерзіміне келер болсақ, ол өзгеріссіз қалады және 4 жылды құрайды», — деп толықтырды ұлттық экономика вице-министрі.

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады.

2021-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің қолданылу кезеңінде сайлауды қаржыландыру ОСК арқылы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттермен жүзеге асырылатын болады.

2023 жылдан бастап бұл шығыстар жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына енгізіледі және жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілетін болады.

Жергілікті бюджеттерге тоқталып өтсек. Қазақстанда 2018 жылдан бастап ауылдық округтер деңгейінде дербес бюджет енгізілді, ол бюджеттің төртінші деңгейі ретінде айқындалды. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті берілген салықтың 6 түрі есебінен құрылады.

«Жергілікті бюджеттерді енгізу кезең-кезеңмен жүргізілді. 2018 жылдан бастап халқының саны 2000 адамнан асатын әкімшілік-аумақтық бірліктерде, ал бұл шамамен аудандық маңызы бар 1052 қалада, ауылдарда, кенттерде және ауылдық округтерде, ал 2020 жылдан бастап – барлық жерде. Соның нәтижесінде 2345 ауылдық округ дербес бюджет алды», — деді Ә. Әбдіқадыров.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кіріс көздерін одан әрі кеңейту мақсатында бюджет заңнамасына төлемдердің тағы 4 түрін жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіне беруді көздейтін түзетулер әзірленді. 

Қазіргі уақытта осы түзетулері бар заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

  • 04.05.2021
  • 246
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика