• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мәжіліс «Сайлау туралы» Конституциялық заңға ілеспе заң жобасымен түзетулерді мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісі жалпы отырыс барысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға «Кейбір заңнамалық актілерге сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасымен түзетулерді мақұлдады.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер кенттері әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу мәселелері бойынша заң жобалары әзірленгенін хабарлады.

Негізгі заң жобасы арқылы «Сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл реформа 2345 әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты. Бұл ретте 836 әкім ағымдағы жылғы екінші жартыжылдықта тікелей дауыс беру арқылы сайланады.

«Сайланған әкім жүргізіп жатқан жұмысы туралы халыққа есеп береді. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы біліктілік талабына сәйкес келетін 25 жастан кіші емес ҚР азаматы әкім болып сайлана алады. Сайлауға саяси партиялар ұсынған кандидаттар мен дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1%-інің қолын жинаған өзін-өзі ұсынушылар қатыса алады», - деді ҰЭМ басшысы.

Ұсынылған кандидаттар болмаған не бір ғана адам ұсынылған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі тиісінше екі не бір кандидатты ұсынуға құқылы. Барлық кандидаттар үшін ең төменгі 1 жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу көзделген. Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталуға 10 күн қалғанда өткізіледі. Сайлаудың қорытындысы сайлау өткізілгеннен кейінгі үш күн ішінде шығарылады.

Сонымен бірге, заң жобасы арқылы Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегін 7%-тен 5%-ке дейін төмендету қарастырылып отыр. Барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «Барлығына қарсы» деген баған қосылады.

Бюджет заңнамасының нормаларын ескере отырып, 2021-2022 жылдары қаржыландыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер, ал кейіннен 2023 жылдан бастап, жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылатын болады.

«Кейбір заңнамалық актілерге сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы арқылы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Саяси партиялар туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі.

Ілеспе заң жобасына сәйкес ауыл әкімінің өкілеттігі оны сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталып, партияға мүшелігі жоғалған, мәслихат сенімсіздік білдірген, оның ішінде жергілікті қоғамдастық жиналысының бастамасы бойынша және мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес өзге де негіздеме болған жағдайда тоқтатылады. Ротация мен аттестаттауды алып тастау, тәртіптік теріс қылығы үшін лауазымын төмендету қарастырылған. Ауыл әкімін тәртіптік жазаға тартуға қатысты қалған шаралар өзгеріссіз қалдырылды.

«Бұл реформалар азаматтардың өз конституциялық құқығын толыққанды жүзеге асыру белсенділігін көтеруге, ауыл әкімінің халықтың қажеті мен проблемасына ден қою жеделдігін арттыруға, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді», - деді Ә. Ерғалиев.

  • 05.05.2021
  • 252
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика