- Блогтар
- Бекіш Ұ.А.
Бекіш Ұ.А.
«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ бас директоры
Тестілеуден өтудегі бұзушылықтар мен тыйымдар туралы
Тестілеуден өтудегі бұзушылықтар мен тыйымдар туралы
«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ мемлекеттік лауазымдарға орналасатын үміткерлерге тестілеу рәсімдерін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Тестіленетін тұлғалардың контингентін мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне үміткерлер құрайды.
Талаптарға сәйкес келетін барлық жеке тұлғалар мемлекеттік қызметке тең қолжетімділікке құқығы бар. Тестілеу арқылы бастапқы іріктеу өткізіледі.
Тестілеуден өту үшін бос орынға қарай үміткерлер тестілеу күні мен уақытын таңдайды.
Тестілеуден өтудің объективтілігі талаптардың, уақыттың, нәтижелердің автоматты есептелуінің стандарттылығымен, сондай-ақ оператордың сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу туралы шектеулерді жазбаша қабылдауымен қамтамасыз етіледі.
Бұзушылықтардың алдын алу үшін тестілеуді өткізу қағидаларында[1] үміткерлердің тестілеу залына қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар кіргізуге тыйым салу туралы ескертетін нормалар көзделген. Тестілеу басталғанға дейін оператор үміткерлерді тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда туындаған сұрақтарға жауап береді.
Бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Орталықпен келесі шаралар көзделген.
Әрбір жұмыс станциясы тестіленушіні суретке түсіру және тестілеу процесіне бейне жазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталған. Орталық офисте орналасқан бейнебақылау орталығы арқылы, бір уақытта тестілеу үрдістеріне күнделікті мониторинг жүргізіледі. Залдарда болатын кез келген жағдайлар бейнекамераға жазылып, қажет болған жағдайда егжей-тегжейлі талданады.
Дегенмен, көрсетілген барлық шараларға қарамастан, тәжірибеде тыйым салынған нормалардың бұзылу фактылары бар.
Осылай 2020 жылы, құқық қорғау қызметіне үміткерлермен 70 бұзушылық тіркелген, ал «Б» корпусына үміткерлер тестілеу тапсыру ережелерінің 56 бұзушылыққа жол берген.
Өңірлер бойынша ең көп деген үміткерлермен бұзушылықтар Қарағанды облысында тіркелген: құқық қорғау органына 10 тестіленуші және «Б» корпусына 7 адам. 7 бұзушылықтан Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Павлодар және Өскемен қалаларында құқық қорғау қызметіне орналасуға талпынған тестіленушілермен тіркелген.
«Б» корпусы бойынша ең көп деген бұзушлықтар саны Шымкент – 8 адам, Өскемен және Қарағанды қалаларында 7 адамнан Қағиданы бұзғаны белгіленген. Басқа қалаларда 1-ден 4-ке дейін бұзушылық жасау әрекеттері болған. Өткен жылы Семей қаласында бірде бір бұзушылық белгіленбеген.
Бұдан, қандай да бір тыйымдар мен шектеулер болғанымен, кез келген жолмен мемлекеттік қызметші жоғары мәртебесін алуға талпынатын, Қағидаларды бұзушы-үміткерлер бар екенін байқауға болады.
Статистикалық деректерді талдау, тұрғындар саны бір миллионнан асатын: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Қарағанды ірі қалаларында бұзушылық жасау талаптарының тұрақты тенденциясы сақталғанын көрсетеді.
Бұдан басқа, 2020 жылы Орталықпен бизнес-үрдістері талданып, Қағидаларды бұзу бөлігіндегі жасырын тәуекелдер анықталған. Жаңа шаралар ретінде тестілеу қағидаларын «айналып өту» талаптарын жою мақсатымен, үміткерлер үшін ыңғайлы сервистер жасалған.
Қызметті алушылар үшін қолайлылық және клиентке бағытталғандылық қағидасын сақтау бойынша күнделікті жұмыс жүргізілуде. Осылайша, QR-код арқылы Орталықтың әлеуметтік желілердегі инстаграм және фейсбук парақшаларына расталған ақпаратты алу, сондай-ақ WhatsApp бойынша кеңес алу үшін оңай кіруге болады.
Бұдан басқа, үміткерлермен кері байланыс орнатылды. Анкеталық сауалнама жүргізілуде, ал 1 сәуірден бастап, ұсынылатын қызметтің сапасын бақылау мақсатымен тестілеуден өткендерден таңдамалы қоңыраулар өткізілуде.
Болашақ мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерге норма талаптарын бұзбауға және адалдыққа деген сынақты лайықты өтуге ұсынамыз. Тестілеуден өту тәртібін саналы түрде бұзатын тұлғалар, өз беделдерін ұзақ уақытқа құртып, қалаған – мемлекеттік лауазымға орналасу мақсаттарына жете алмауы мүмкін.
Орталықпен бұзушы-үміткерлер туралы барлық ақпараттар тіркеліп, «қара тізім» жасалуда және алдағы уақытта уәкілетті органдарға берілуі мүмкін.
[1] Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары
- 06.05.2021
- 400