• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨҢІРЛЕРГЕ САПАРЫ МАҢҒЫСТАУДАН БАСТАЛДЫ

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Президентінің көмекшісі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы  Ерлан Қарин бастаған Ұлттық  қоғамдық сенім кеңесінің бір топ мүшесін  облыс әкімі С.Трұмов қабылдады.  

Өңір басшысы билік пен қоғам арасындағы алтын көпірдің қызметін атқарып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға зор үлес қосып жүрген кеңестің жұмысына сәттілік тіледі.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі -  түйткілді мәселелердің түйінін тарқататын, халықтың озық идеялары мен ұсыныстарын бір арнаға тоғыстыратын алаң. Алғашқы кезеңде қызметін консультативті-кеңесші орган ретінде бастап, бүгінде жаңа реформалар ұсынатын маңызды құрылымға айналып отыр. Бұл бағытта сіздердің атқарып жүрген жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін»,-деді С.Трұмов. 

Сондай-ақ, облыс әкімі кеңес мүшелеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерінен хабардар етті. 

Ұлттық кеңестің мүшесі, белгілі қоғам қайраткері Расул Жұмалы Маңғыстаудың өзге өңірлермен салыстырғанда қарқынды дамып жатқанын айтты. «Салыстырмалы түрде автожолдардың сапасы көңіл толарлық. Облыста халық санының өсуі де – бұл өмір сапасының жақсарғанының көрсеткіші. Туризм саласына да ден қойылып жатыр екен. Осы тұста менің ұсынысым бар.  Маңғыстауды еліміздің мәдени орталығына айналдыру  қажет. Оған барлық мүмкіндік бар»,-деді Р.Жұмалы.

Ал, «Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова Ақтаудың соңғы жылдары жаңарғанын тілге тиек етті. 

«Ақтауға осыдан он шақты жыл бұрын келген едім. Көп өзгерісті көріп көңілім толды.  Мен құқықтанушы болғандықтан құқық қорғау органдарының жұмысымен таныстым. Жүйелі жұмыстар жасалған екен. Алайда, әлі де толықтыратын мәселелер жетерлік»,- деді Жеміс Өтегенқызы.

Ерлан Қарин бастаған Ұлттық кеңес мүшелері жұмыс сапары аясында облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен, зиялы қауым өкілдерімен және студенттермен кездесулер өткізіп, өңірдің өзекті мәселелерін талқылады.

Ұлттық кеңес мүшелері Маңғыстау өңірінен соң, жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарына барады

  • 06.05.2021
  • 250
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика