- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
ОБЛЫС ӘКІМІ ИРАННЫҢ БАС КОНСУЛЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін облыс әкімі С.Трұмов Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Х. Малакути Фарды қабылдады.
Екіжақты кездесуде Маңғыстау облысы мен Иран провинциялары арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі нығайту, өңір аралық кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды.
«Маңғыстау облысы жалпы Иран Ислам Республикасымен соның ішінде Мазандаран, Гулистан провинцияларымен тығыз байланыста. Екіжақты бірлескен жобаларымыз алдағы уақытта Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенімдімін.Өз тарапымнан кез келген бірлескен бастамалар, іс-шараларды қолдауға дайынмын»,-деді С.Трұмов.
Бүгінде Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында Иран капиталының қатысуымен 30 кәсіпорын бар. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 33 447,04 мың АҚШ долларын құрады.
- 06.05.2021
- 175