- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ
Бүгінде Маңғыстау облысында Ұлы Отан соғысының алты ардагері тұрады. Ұлы Жеңіс мерекесіне орай әрқайсына 1 миллион теңгеден берілді.
Бір жолғы материалдық көмек басқа санаттағы тұлғаларға да қарастырылған. Мысалы, Ленинград қоршауында болған екі азаматқа 120 250 теңгеден, Ақтау қаласында тұратын 394 тыл еңбеккеріне 96 200 теңгеден, аудандарда тұратын 325 тыл еңбеккеріне 40 АЕК беріледі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында екінші рет неке құрмағандар, жесірлерге Ақтау қаласы бойынша 120 250 теңге, аудандарда 40 АЕК теңгеден төленеді.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызмет жасағандарға Ақтау қаласы бойынша 96 200 теңге, аудандарға 40 АЕК беріледі.
Басқа мемлекеттердің аумағында ұрысқа қатыстан ардагерлерге де жеңіс күніне орай қала бойынша 120 250 теңге, аудандарға 50 АЕК төленеді. Ал, әскери қызметте мүгедек болған қатысушыларға Ақтау қаласы бойынша 144 300 теңгеден, аудандарда 60 АЕК көмек көрсетіледі.
- 06.05.2021
- 225