- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
ОБЛЫС ӘКІМІ ИТАЛИЯ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмов Қазақстан Республикасындағы
Италия Елшісі Паскуале Д’Авино мырзаны қабылдады.
Екіжақты кездесуде Елші Маңғыстау облысы итальяндық компаниялармен жаңартылатын энергия секторларында ынтымақтастық орнату, мәдени байланыстарды нығайту және туризмді дамыту бағытында бірнеше ұсыныстарын жеткізді.
Аймақ басшысы барлық ұсыныстарға ашық екенін, баламалы энергия көздерін дамыту маңызды сала екенін айтты.
«Маңғыстау облысының климаттық жағдайы аймақтағы электр энергиясының қосымша ресурсы үшін күн және жел электр станцияларын салуға мүмкіндік береді. Бұл болашақта электр энергиясын өндірудің барлық дәстүрлі әдістерін ығыстыруы мүмкін ең перспективалы ресурстардың бірі. Өз тарапымнан кез келген бірлескен бастамалар, іс-шараларды қолдауға дайынмын»,- деді С.Трұмов.
Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында итальяндық капиталдың қатысуымен 15 бірлескен кәсіпорын бар.
Маңғыстау облысы мен Италияның сыртқы сауда айналымы 2020 жылы 465,4 миллион АҚШ долларын құрады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 11.05.2021
- 174