• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қарағанды облысында Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың қатысуымен бірден екі жаңа өндіріс іске қосылды

Оның алғашқысы жылына 2,5 миллион тоннаға дейін көмір концентратын өндіруге қабілетті "Казкарбон" заманауи байыту фабрикасы. Инвестиция көлемі 12 млрд теңгені құрады. Фабрика құрылыс кезеңінде-ақ "Индустрия 4.0"деңгейіне сәйкес келетін заманауи технологияларды енгізудің үлгісіне айналды. Өндіріс үшін шикізат біздің қарағандылық көмір болып табылады. Яғни, қазақстандық қамту үлесі 100% - ды құрайды.Ең бастысы, фабрикада 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылып, өңірдің дамуына оң әлеуметтік-экономикалық әсер етеді.

Қарағандыдағы жаңа "Ютария ltd" тігін фабрикасына бардық. Жаңа өндірісте 250-ден астам адам жұмысқа орналасады. Фабрика толық өндірістік қуатымен жылына 350 мыңнан астам тігін бұйымдарын шығара алады.

Жаңа кәсіпорын медициналық қызметкерлерге арналған маскалар, халаттар мен жиынтық киімдерді тігуге мамандандырылған. Бұдан басқа, мұнда көмір өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін арнайы киім тігеді.

Сондай-ақ мұнда тігінші, тігін өндірісінің конструкторы және технологы сияқты мамандықтарға оқыту және қайта оқыту орталығы ашылды.

Сонымен қатар "Сарыарқа "АЭА аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары мен балықтарға арналған жасыл жемшөп өндірісі бойынша Virgin Soil Kz жобасы таныстырылды.

Мұнда салынған инвестициялар шамамен 27 млрд теңгені құрап және мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарлануда. Өндіріс қуаттылығы күніне мың тоннаға дейін жемшөпті шығаруға мүмкіндік береді. Биыл құрылысты бастап, алдағы 2022 жылы аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Премьер – Министрдің орынбасары "Қарағанды-Балқаш" тас жолындағы жол жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі уақытта жұмыстардың 50% орындалды. Жаңа төрт жолақ бойынша жол қозғалысы ашылған учаскелер баршылық. Құрылысқа 9 асфальтбетон зауыты мен 10 ұсақтау-сұрыптау кешені жұмылдырылған. Жұмыс сапасын тексеру үшін алты аттестатталған жол зертханасы жұмыс істейді. Қайта құру аясында 10 көпір, ауыл шаруашылығы техникасына арналған 32 жол өтпесі, екі көлік айырығы және теміржол арқылы өтетін бір жол өтпесінің құрылысы қарастырылған.

  • 12.05.2021
  • 309
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика