• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еліміздің Бас тарифтік реттеушісі Павлодар облысына барып келді

Бүгін, 2021 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Павлодар қаласына жұмыс сапарымен келіп, коммуналдық салаға байланысты мәселелер бойынша Комитеттің аумақтық департаментіне өтініштерімен жүгінген қала тұтынушыларымен кездесті.

         Тұтынушылар жылу, су және электрмен жабдықтау салаларына қатысты проблемалық сұрақтар қойды.

Мысалы, азаматша Н.Қабдыл «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ы мен «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-ы компанияларының өткен жылыту маусымы бөлігінде, атап айтқанда, суық күндері қыздырмау, осы кезеңде қойылған шоттар бойынша және қайта есептеу мәселелері бойынша әрекеттерінің заңдылығы туралы өтінішпен жүгінді.

Департамент қарап жатқан В.А. Борисенконың өтінішіне суды есепке алу аспаптарын пломбылаудан бас тарту сұрағы себеп болды.

Тарифтік реттеушінің басшысы Асан Дарбаев әрбір тұтынушыны тыңдап, олар айтқан әрбір мәселе бойынша нақты түсінік беруге тырысты.

Сонымен қатар, бұл күні Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Павлодар департаментінің ұжымына жаңа басшысын Тангиев Ибрагим Алихановичты таныстырды.

«Ибрагим Тангиев бұл салада жаңа адам емес, бұрын ол Табиғи монополияларды реттеу комитетінің елордалық департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. Осы саланы жақсы біледі», - деп атап өтті Асан Дарбаев.

Кездесуге тұтынушылардан басқа жергілікті БАҚ және табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері қатысқанын пайдалана отырып, Тарифтік реттеушінің басшысы оларды Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаментінің жаңа басшысымен таныстырып, олар ТМРК-ның Павлодар облысы бойынша департаментінің коммуналдық саладағы тариф белгілеу мәселелері бойынша жаңа басшысына жүгіне алатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Асан Дарбаев ТМРК-ның Павлодар облысы бойынша департаментінің жаңа басшысына тұтынушылардың барлық өтініштерін ерекше бақылауға алуды және тұтынушылардың айтқан мәселелерін шешу бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Шақырылған облыстың БАҚ өкілдері де Тарифтік реттеушінің басшысына өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоя алды.

Кездесу соңында, ТМРК төрағасы табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдеріне коммуналдық қызметтер саласында олар жүргізіп жатқан жұмыстар бойынша халықпен белсенді және анық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті әрқашан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұстанады, және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне тариф белгілеуге байланысты өзекті мәселелерді шешу және талқылау үшін ашық екендігін тағы да айта кеткен жөн.

  • 14.05.2021
  • 279
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика