• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сақтағанов Н.А.
Құрметті жерлестер!

Лесхоз кентінде өрттен зардап шеккен барлық отбасылар Риддер қаласының жаңа шағын ауданында бой көтеретін жаңа тұрғын үйлерге ие болады. Осы аптада бірқабатты баспаналардың құрылысы басталады. Бір тұрғын үйдің жалпы ауданы 80 м² құрайды, әрқайсысының жеке учаскесі болады.

Құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйлердің жағдайын зерттеп, бағалағаннан кейін қабылданған бұл шешім, бүгін барлық зардап шеккен отбасылармен кездесу барысында айтылды.

Аталмыш шағын аудан қала орталығына жақын орналасқан, қазір су құбыры мен электр желісінің құрылысы жүріп жатыр.

Жалпы жұмысқа 7 құрылыс компаниясы кіріседі. Жобаны іске асыру барысы мен құрылыс сапасын өзім қадағалайтын боламын. Бұл ретте ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Риддердегі жағдайды жеке бақылауға алғанын ерекше атап өткім келеді.

Жалпы, өрт аймағында қалған 59 учаскедегі 31 үй толығымен өртеніп кетті. Бүгіннен бастап шығынды есептеп, тұрғындарға құжаттарды және басқа да мүліктерді қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес беретін комиссиялар жұмысын бастады.

"Қазмырыш" профилакторийіне көшірілгендер үй құрылысының соңына дейін осында тұрады және тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұдан қоса, кәсіпорын әрбір отбасына 1 миллион теңгеден аударатынын мәлімдеді. Осы орайда, шетте қалмайтын және қолдан келгенше көмек көрсетіп жатқан барлық қазақстандықтарға зор алғысымды білдіргім келеді. Облыс әкімдіктерінің қызметкерлері де бүгін бір күндік жалақыларын "Бірлік" қорына аударды.

Бүгін, сондай-ақ өрт кезінде зардап шеккен науқастардың дәрігерлерімен кездестім. Кәсіби көмек көрсету үшін облыс орталығынан мамандар шақырылғанын атап өткім келеді. Азаматтарымызға зор денсаулық тілеймін! Барлығы жақсы болады деп сенемін.

  • 14.05.2021
  • 389
Сақтағанов Н.А.
(Мұрағат)

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика