• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С.ТРҰМОВ: «ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ УӘДЕ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС»

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезекті ХХХІII есеп-беру сайлау конференциясы өтті.

  Іс шарада «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы, шарада «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы бойынша «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының 2021 жылдың 1 тоқсанындағы орындалысы туралы және Бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері айтылды.

Конференцияны ашып берген облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы С.Трұмов  партия мүшелерінің 102 бастауыш ұйымдарына топтасып Елбасы тапсырмаларын өңірде қарқынды жүзеге асырып келетінін жеткізді.
  Жиында «Nur Otan» партиясы облыстық  филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбіловтың  есебі тыңдалды. Оның айтуынша, есепті кезең ішінде облыстық филиалда Саяси Кеңес бюросының 22, Саяси Кеңестің 3 отырысы және 5  конференция өткен. Партия саясатын жүзеге асыратын маңызды құрылым ретінде бастауыш партия ұйымдарының жұмысын көтеруге басымдық берілді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша 328 іс-шара өткізіліп, 9562 адам қамтылды. «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша ұйымдастырылған 297 іс-шараға 7436 адам тартылды. 
  Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Меңдібаев «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының сайлауалды  бағдарламасы Жол картасының 2021 жылға арналған  іс-шараларының 1-тоқсанға орындалысы туралы айтып берді. «Жастарды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 46 жұмыссыз жас жұмысқа орналастырылады және 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 58 340 теңге жалақы төленетін болады. 2021 жылы бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 24,2 шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланды.   Бұл мақсатта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданы Батыр ауылында 80 пәтерлік, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында  72 пәтерге арналған және «кредиттік тұрғын үй» бағыты бойынша 1559 пәтерге арналған тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады.
  Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін 96%-ға жеткізу қарастырылған. Осы орайда, биыл жоспарланған 7 ауылда Басқұдық, Бекі, Жармыш, Ақжігіт, Рахат, Теңге, Қызылтөбеде сумен қамту нысандары салынып жатыр.   Сонымен қатар, биыл  139 шақырым автожолды жөндеу жоспарланып отыр.  Бүгінде облыстық «Ақтау – Форт-Шевченко» автожолын реконструкциялау аясында 7 км жол салынды. Қалған қалалық, аудандық және кентішілік автожолды жөндеу автожолдар бойынша жұмыстар басталуда. 
  Сондай-ақ, конференция барысында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясы сайланды.
Конференция жұмысын қорытындылаған облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы С.Трұмов халықпен бірлескен жұмысты күшейту мақсатында партия активіне нақты тапсырмалар жүктеді. 
«Халықтың ұсынымен сайлауалды бағдарламасы жасалып, жол картасы бекітілген болатын. Аталған жол картасын іске асыруға және бақылауға баршаңызды жұмыла атсалысуға шақырамын. Халық алдындағы уәде орындалуы қажет»,- деді С.Трұмов.

  • 17.05.2021
  • 228
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика