• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТМРК Energy Exemplar вебинарында қатысты

2021 жылғы 17 мамырда энергетика саласын реттейтін органдар үшін ұйымдастырылған «Жаңартылатын энергия көздерін біріктіруді жоспарлау және электр энергиясы мен газға желілік инвестицияларды айқындау» тақырыбында вебинар өтті.

Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Энергетиканы реттеуші органдардың өңірлік қауымдастығымен (ERRA) және Америка Құрама Штаттарының энергетикалық қауымдастығымен (USEA) бірлесіп Energy Exemplar болды.

Energy Exemplar электр энергетикасын, сумен жабдықтауды, газды және жаңартылатын энергия көздерін модельдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің әзірлеушісі болып табылатынын атап өту қажет.

Вебинар энергетика саласын реттейтін органдар үшін ұйымдастырылғандықтан, оған ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті де қатысты.

Вебинарға ТМРК атынан төрағаның орынбасары, Асхат Жапсарбай, Стратегиялық талдау және халықаралық интеграция басқармасының басшысы, Саягүл Өмірзақова және Мұнай және газ тасымалдау саласын реттеу басқармасының басшысы Қазыбек Ратбеков қатысты.

Вебинар барысында Hrvoje Pozar атындағы (Хорватия) Энергетика институтының, Румынияның энергетиканы реттеу жөніндегі Ұлттық органының (ANRE), Австрияның электр энергиясы және табиғи газ нарықтарын реттеушінің (E-Control) және Энергетикалық реттеушілер ынтымақтастығы жөніндегі агенттіктің (ACER) өкілдері өздерінің көзқарастары мен елдік тәжірибелерімен бөлісті.

Мысалы, вебинар Аға вице-президент, Energy Exemplar, ЕМЕА басшысы, Майкл Шнайдердің кіріспе баяндамасынан басталды, онда ол жаңартылатын энергия көздерін біріктіруді жоспарлау және электр энергиясы мен газға желілік инвестицияларды айқындау туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Әрі қарай әртүрлі ұйымдар мен елдердің өкілдерінен қызықты баяндамалар болды.

Осы іс-шара бағдарламасының өзі келесі өзекті мәселелерді талқылауды қамтыды:

- желілік жоспарлау мен нарықты модельдеудің аймақтық тәсілі: Оңтүстік-Шығыс Еуропа үшін электр нарығы бойынша бастамасы;

- жаңартылатын энергия көздері және реттеуші органдардың болашақ рөлі;

- Румыния энергетикалық жүйесінің икемділігін және орнықты, тұрақты және тұтынушыға бағытталған энергетикалық болашақты қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздерінің болашақ интеграциясын бағалау;

- желіні жоспарлауға байланысты ACER жұмысы.

Сонымен қатар, вебинарға қатысушылар аймақтық жобалар үшін экономикалық көрсеткіштерді алу әдістерін, сондай-ақ декарбонизация сценарийлерін және олардың интеграцияланған энергетикалық жүйелерге әсерін қарастырды.

Соңында, қатысушылар реттеуші органдардың өкілдерін қызықтыратын мәселелерді белсенді талқылады.

  • 18.05.2021
  • 349
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика