• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Коронадағдарысы Қазақстан экономикасына соңғы онжылдықтағы барлық дағдарыстарға қарағанда қатты әсер етті

CFO Summit 2021 қаржы секторы көшбасшыларының жыл сайынғы VIII саммиті барысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов пандемия жағдайында Қазақстан экономикасының дамуы, сондай-ақ коронадағдарыстан туындаған жаһандық трендтер туралы айтты.

Бірінші вице-министр өз сөзінде COVID-19 пандемиясының салдары Қазақстан экономикасына соңғы онжылдықтардағы қаржылық-экономикалық дағдарыстарға қарағанда көбірек әсер еткенін атап өтті.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайды қалыпқа келтіру және мемлекеттік қолдаудың ауқымды шаралары аясында ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша экономика өсімі өткен жылдың наурыз айынан бастап алғаш рет оң аймаққа шығып, 0,7%-ды құрады. Дағдарысқа қарсы шаралардың 3 пакеті қабылданып, іске асырылды. Бұл халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шұғыл шаралар, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау жөніндегі жедел шаралар және экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар.

«Зардап шеккен салалардағы 700 мың кәсіпкер 1,2 трлн теңге сомаға салық жеңілдіктерін алды, кәсіпкерлердің 40 мың жобасы жеңілдетілген несиелер алды. Аталған жобалардың кредиттік қоржыны 2 трлн теңгеден асты. Жұмыспен қамтуды қолдау шараларымен 1,4 млн қазақстандық қамтылды, бұл еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік берді», - деді Тимур Жақсылықов.

Ол ХВҚ-ның сәуір айындағы шолуында Қазақстанның ЖІӨ өсімінің болжамы 2021 жылы 3%-дан 3,2%-ға дейін жақсарғанын хабарлады. Moody's, Fitch и Standard & Poor's жетекші рейтингтік агенттіктері де пандемияға дейінгі рейтингтерді растады және Қазақстан экономикасының дамуына оң болжамдар берді.

Әлемдік трендтер туралы айта келе, экономикалық ведомство басшысының орынбасары пандемия нәтижесінде әлемдік жаһандық мемлекеттік қарыз жаңа тарихи максимумға жеткенін атап өтті. Бұл салықтан босату және салықтық демалыстар беру, денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік шығыстарды ұлғайту, халыққа тікелей төлемдер беру және басқалары түріндегі фискалдық саясат құралдарын белсенді пайдалануға байланысты. Жаһандық қаржылық қолдау 14 трлн долларға жетті. Нәтижесінде, жаһандық мемлекеттік қарыз әлемдік экономиканың рекордтық 100% көлеміне жақындады.

«Бұл ретте пандемия қоғам мен экономиканы цифрландыру процесін қайтымсыз етті. COVID-19 цифрлық өнімдерге деген қажеттіліктің күрт өсуіне әкелді, осылайша IT-индустрияға үлкен қиындықтар туғызды және сонымен қатар дамуға серпін берді. Нәтижесінде, пандемияға дейін бірнеше жыл қажет болатын цифрландыру процесі жеделдеді», - деп атап өтті Т. Жақсылықов.

Вице-министр өткен жылы барлық оқушылардың 90%-дан астамы алғаш рет онлайн білім алуға мәжбүр болғанын, бұл білім сапасына айтарлықтай әсер еткенін атап өтті. Кейбір бағалау нәтижесі бойынша мектептердің жабылуына байланысты болашақ кіріс шығынының келтірілген құны Азияның дамушы елдері үшін шамамен 1,25 трлн долларды құрайды, бұл 2020 жылы аймақтың ЖІӨ-нің 5,4%-на тең.

«Қазақстан халықтың әл-ауқатын арттыру және экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығы қағидаттарын ұстанатын болады. Үкімет 2025 жылы ШОБ үлесін елдің ЖІӨ-не 35%-ға дейін ұлғайту және әлемде бизнес жүргізуге барынша қолайлы жағдайлары бар үздік 20 елдің қатарына кіру мақсатын қойды», - деп айтты Ұлттық экономика министрінің орынбасары.

  • 20.05.2021
  • 303
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика