- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Облыс әкімі Мәртөк және Қарғалы аудандарындағы егін науқанымен танысты
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин 22 мамыр, сенбі күні Мәртөк және Қарғалы аудандарына сапары кезінде егін науқанының барысымен танысты. Өңір басшысы бірнеше шаруа қожалықтарында болып, шаруалардың тілек-өтініштерін тыңдады. Егін науқанының қарқыны қанағаттанарлық. Қарап шыққан соң облыс әкімі аудан басшыларына ауыл шаруашылығын өндірушілерге барынша қолдау көрсетуді тапсырды. Ақтөбе облысында биыл барлығы 791 мың гектар жерді жырту жоспарланып отыр. Барлық алқаптың 55,1%-на дәнді дақылдар, 35,9%-на мал азығы, 7,5%-на майлы дақылдар, 0,8%-на картоп және 0,7%-на көкөністер мен бақша дақылдарын егіледі. Сонымен қатар, Мәртөк және Қарғалы аудандары дақылдардың негізгі үлесін беретін үш ауданның қатарына кіреді (64,2%): Әйтеке би – 27,7%, Қарғалы – 20,3%, Мәртөк – 16,2%.
- 24.05.2021
- 235