- Блогтар
- Е.Н. Дәуенов
Е.Н. Дәуенов
ҚР ОМ Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы
2. Қандай жағдайларда білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу көзделген?
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 2-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілеріне жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі және білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі жатады.
Сондай-ақ, Заңның 59-бабы, 8-тармағына сәйкес,
Білім беру ұйымдарында бақылау жүргізу үшін өтініште «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парақтары тармақтарының бұзылғанын куәландыратын фактілер көрсетілуге тиіс.
Сонымен бірге Кодекстің 151-бабына сәйкес, бақылау органының лауазымды адамдары тексеруді немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезiнде осы бақылау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге құқылы еместігін ескеру қажет
- 24.05.2021
- 325