• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МАҢҒЫСТАУДА БИЫЛ 7011 ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРЕДІ

Облыс әкімі оқу жылының аяқталуымен құттықтады

“Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар! 

Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Облыстағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты биылғы оқу жылының басым бөлігі қашықтықтан оқытылды.
Әрине, сапалы білім алу үшін күнделікті сабаққа барып, мұғалімдермен және сыныптастармен бірлесіп оқудың, араласудың орны бөлек. Дегенмен де ақпараттық технологияларды қолдана отырып қашықтықтан оқыту, оқушылар мен ұстаздардың білімі мен білігін жаңаша дамытуға, әдеті мен дағдысына тиімді қарауға мүмкіндік берді.

Қашықтықтан оқытуға қарамастан биыл оқушылардың жетістіктері де аз емес.
Түлектердің 227-сы «Алтын белгіге», 359-ы «Үздік аттестатқа» үміткер. Соңғы үш жылмен салыстырғанда «Алтын белгі» иегерлері шамамен 30%-ға, үздік аттестатпен бітіргендер  40%-ға артты. 

 Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Маңғыстау облысының дарынды оқушылары 29 медальға ие болды.
Олимпиада нәтижесі бойынша Маңғыстау облысы командалық          ІІІ орынды, Ақтау қаласының «Білім-инновация» лицейі ІІ орынды, Мұнайлы ауданы №3 жалпы білім беретін мектебі «Үздік олимпиадалық ауыл мектебі» болып танылды.
Құрметті оқушылар, бұл қадамдар - Сіздердің өмірдегі мың есе үлкен жетістіктеріңіздің бастамасы ғана. Біз Сіздерден үлкен үміт күтеміз!

Мұндай жетістіктердің артында қадірлі ұстаздарымыздың шәкірттеріне деген ыстық ықыласы, талмас еңбегі мен толассыз шығармашылығы тұр.
Елімізде әрбір педагог ерекше мәртебеге ие. Мемлекет тарапынан әрбір педагогтың үздіксіз дамуына барлық жағдай жасалуда. Осыған байланысты биыл алғаш рет «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі тағайындалды. 
Педагогтардың шеберлігі нәтижесінде Ақтау қаласы №14 мектебінің химия пәні мұғалімі Түлембетова Айсұлу Бағытқызы елімізде алғаш рет тағайындалған «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын, облыстың бес мұғалімі республикалық «Үздік педагог» атағын иеленді.
Осы орайда, өнегесі зор ұстаздар қауымына ерекше алғысымды білдіремін!

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында ең маңызды міндеттердің бірі - қолжетімді әрі сапалы білім беру қажеттігі айтылған.
Осыған орай елімізде білім саласының жаңа деңгейге көтерілуіне барынша жан-жақты қолдау көрсетілуде. 
 Оның ішінде облыс көлемінде үш ауысымды мектептерді болдырмау үшін жаңа мектептер салу, ауыл мектептерін жаңғырту, әр мектепке пәндік кабинеттер алу, интернет жылдамдығын күшейту, ауыл мектептері мен қала мектептерінің білім сапасын теңестіру, дарынды оқушыларды қолдау бағытында қажетті қаржы бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылды. 

Енді алда білім сынағы - ұлттық бірыңғай тестілеу мен мемлекеттік емтихан тұр. 
Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа  ережесінде түлектерге ерекше жағдайлар жасалды. Биыл бітіретін 7011 түлектің барлығы дерлік ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып жатыр. 
Мектеп түлектеріне сынақтан сүрінбей өтіп, мемлекеттік грант алып, қалаған мамандықтарының иесі атануларына тілектеспін!

Құрметті түлектер! Туған өлкенің өсіп-өркендеуіне үлес қосар  білімді, білікті, озат, шын мәніндегі нағыз алтын түлек болуларыңызға  тілекшімін.

Тәуелсіз Қазақстанның туын биік ұстар азамат болыңыздар!”,-делінген құттықтауда.

  • 25.05.2021
  • 232
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика