• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әсет Ерғалиев Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелерімен кездесті

Жас сарапшылар клубының отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пандемия жағдайындағы Қазақстан экономикасының дамуы, сондай-ақ, дағдарыстан туындаған жаһандық трендтер туралы баяндады. Кездесу ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткізілді.

Отырысты ашқан Сенат Төрағасы Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды шаралары мен елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары қабылданғанын атап өтті. 4,5 млн-дай қазақстандық табысты жоғалту бойынша өтемақы төлемдерін алды, зейнетақылар, жәрдемақылар өтелді, медицина қызметкерлерінің жалақысы арттырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнесті қолдау шараларының ауқымды пакеті қабылданды.

Өз кезегінде Әсет Ерғалиев пандемия «постковидтік дәуірде» әлемдік экономиканы қалыптастыратын өмірдің барлық саласындағы құрылымдық өзгерістерді тездететінін атап өтті. Трендтер қатарында – жаппай цифрландыру, серпінді инновациялардың жылдам өсуі, жаһандық сауданың бөлшектенуі, инвестициялар үшін жаһандық бәсекелестіктің күшеюі, «жасыл» экономиканың рельстеріне жедел көшу, теңсіздіктің ұлғаюы бар.

«Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында дағдарысқа қарсы шаралардың 3 пакеті іске асырылды. Бұл халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шұғыл шаралар, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтаудың жедел шаралары және Экономикалық өсуді қалпына келтірудің кешенді жоспары. Нәтижесінде, 2021 жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсу қарқыны өткен жылғы наурыздан бастап алғаш рет оң аймаққа шығып, 0,7%-ті құрады», - деді Ұлттық экономика министрлігі басшысы.

Сонымен қатар, 700 мың кәсіпкер 1 трлн теңге сомасындағы салық жеңілдігін, кәсіпкерлердің 40 мың жобасы жеңілдетілген кредит алды. Зардап шеккен саладағы 80%-ке жуық қарыз алушының кредиті кейінге қалдырылып, 7 млн қазақстандық төтенше жағдай және карантин кезеңінде табысынан айырылу төлемін алды.

Министрдің айтуынша, 2021 жылға арналған Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі өзектендірілген кешенді жоспар шеңберінде 60-тан астам қолдау шарасы көзделген. Олар бизнеске жүктемені азайтуға, кәсіпкерлердің қаржыландыруға және сұраныс нарығына қол жеткізуді жеңілдетуге, сондай-ақ жаңа реттеушілік саясатты енгізуге бағытталған.

«Барлық шараларды іске асыру нәтижесінде ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 3,5 млн-нан 4 млн адамға дейін, ал ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 2025 жылға қарай 30%-тен 35%-ке дейін өседі. Мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ке қысқарады», - деп хабарлады ұлттық экономикалық ведомство басшысы.

Инвестиция тартуға келсек, жаһандық және өңірлік өндірістік тізбектерге интеграциялану, бәсекелестік артықшылық негізінде жаңа тауашаларды іздеу, Global-2000 тізімінен өңдеу өнеркәсібі мен АӨК-ке тікелей шетелдік инвестиция мен трансұлттық компанияларды проактивтік тарту шаралары іске асырылады.

«Экономиканың сапалы өсімі салық-бюджет тұрақтылығын және тиімді монетарлық саясатты сақтау, сондай-ақ қаржы нарығын дамыту есебінен қолдау табады. Бүгінгі таңда коронавирус пандемиясынан туындаған өзгерістер қазақстандық экономиканы үдемелі құрылымдық трансформациялауға мүмкіндік береді», - деді министр.

Кездесуді қорытындылай келе, Әсет Ерғалиев сарапшыларға сындарлы ұсыныстары үшін алғыс білдіріп, оларды егжей-тегжейлі талқылауға және одан әрі жұмыста ескеруге дайын екенін жеткізді.

  • 26.05.2021
  • 255
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика