• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С.ТРҰМОВ АЙТЫС АҚЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Ақтауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтеді. Сөз шеберлерінің додасына келген ақындар мен қазылар алқасын облыс әкімі Серікбай Трұмов қабылдады.
Ә.Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен кездесуге еліміздегі қазіргі айтыс өнерінің алғашқы ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман, қазылар алқасының төрағасы Светқали Нұржан, ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ғалым Жайлыбай, белгілі айтыскер ақын, БҚО Қадыр Мырза Әли атындағы Мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолла және Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев,  Ізбасаров Шалқарбай, Нұрлан Мусаев сынды бірқатар ақындар қатысты.
Облыс әкімі «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ұлттық рух» бағдарламасы аясында  өткізгелі отырған шараға ат салысып, үлес қосуға ниет білдірген ақындарға алғысын айтты.
«Айтыс - атадан балаға мирас болып келген, халқымыздың рухани мәдениетінің бірі. О бастан халық арасында жүрген ақындар елді ынтымақ пен татулыққа, бірлік пен берекеге шақырып жырларына қосқан. Ақын жырларының арқауы - ізгілік, елдік, бірлік болған. Тәуелсіздіктің 30-шы жылына аяқ бастық. Тәуелсіздіктен тәтті, азаттықтан асыл не бар?!  Біз үшін бұдан артық байлығымыз да, бағымыз да жоқ. Олай болса, бүгін Тәуелсіздікке деген ең шырайлы сезімдер мен шұрайлы сөздердің ақтарылар күні. Еңселі еліміздің 30 жылда жеткен табысының жырмен төгілер күні. Осынау айтыс мерекесінде сіздерге сәттілік тілеймін»,-деді С.Трұмов.
Өңір басшысының айтуынша, Маңғыстауда ұлт өнерін, мәдениетін, руханиятын ұлықтау ісі бір сәт те толастаған жоқ. Соңғы жылдардың өзінде бірнеше халықаралық, республикалық өнер байқаулары мен фестивальдері өткізіліп, өнер иелерінің мерейтойлары кең көлемде аталды. «Жазушылар Одағымен бірлесіп ақын-жазушылардың Маңғыстауға шығармашылық сапарын ұйымдастырдық,  форум өткіздік. Бұндай жиындар, шығармашылық жобалар алдағы уақытта да тұрақты ұйымдастырылады»,-деді облыс әкімі.
Кездесу соңында қонақтарға «360 әулиелі Маңғыстау» кітабы тарту етілді.
«Тәу етерім – Тәуелсіздік!» атты республикалық ақындара айтысы мамырдың 26-27 күндері өтеді. Сөз өнерінің додасына еліміздің әр өңірінен 18 ақын қатысады. Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ж.Ерман жүргізеді. Шара өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық талаптар сақтала отыра өткізіледі. Айтыстың телевизиялық толық нұсқасы алдағы күндері «Маңғыстау» телеарнасынан көрсетіледі.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 27.05.2021
  • 307
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика