• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрлігінде Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының жобасы түсіндірілді

Talap Talks алаңында сарапшылар қауымдастығы мен ҚР Парламенті депутаттарының қатысуымен өткізілген дөңгелек үстел барысында ҚР ҰЭМ Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары Миржан Иманбаев 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасының жобасын ұсынды.

«Тұжырымдама екі кезеңде жүзеге асырылады: біріншісі - 2021 жылдан 2024 жылға дейін, екіншісі - 2025 жылдан 2030 жылға дейін.  Тұжырымдаманы қабылдау 2030 жылға қарай тұрғындардың және жалпы мемлекеттің мүдделеріне жауап беретін өзін-өзі басқару моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді М.Иманбаев.

Оның айтуынша, құжат үстіміздегі жылдың екінші жартысынан бастап аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, поселкелердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды, ал 2024 жылдан бастап, аудан әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.  Бұл реформа азаматтардың сенімін және әкімдердің тұрғындар алдындағы жауапкершілігін арттырады.

Сондай-ақ, IV бюджеттік деңгейдегі жұмыс рәсімі жеңілдетіледі.  Ол үшін бюджеттік бағдарламаларды ірілендіру, есептер санын азайту, бизнес-процестерді оңтайландыру және т.б. ұсынылады. Бюджетаралық қатынастар саясатын қайта қарау жоспарлануда. Бұл әрі қарайғы бюджеттік орталықсыздандыру барысына сәйкес келеді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы жобасындағы тағы бір маңызды аспект - бұл «Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жаңа заңның әзірленуі. Ол ең алдымен билік деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеуге және жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруге бағытталатын болады. Министрлік осы жылдан бастап жаңа Заңды әзірлеуге кіріседі.

Миржан Иманбаевтың айтуынша, Тұжырымдама жобасы нысандарды түгендеуді және тіркеудің кезең-кезеңімен оңайлатылған тәртібі қолданылатын коммуналдық нысандардың тізбесін қалыптастыруды көздейді.

«Жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі органы - жергілікті қоғамдастық жиынының құрылу тәртібі мен өкілеттіктері анықталады.  Жергілікті қоғамдастық жиындарында ашық дауыс беру арқылы жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органы, 3 жыл мерзімге Кеңес құрылады.  Кеңес жергілікті қоғамдастықты дамыту жоспарын, бюджетті бекітеді, сонымен қатар оның орындалуын бақылайды. Кеңес құруда өзінің аппаратының болуы қарастырылмаған, оның қызметін жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілігі қамтамасыз етеді», - деді ҰЭМ өкілі.

Ұлттық экономика министрлігі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Онда 2030 жылға дейін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жаңа моделін қалыптастыру көзделген. Бүгінгі күні Тұжырымдама мен Іс-шаралар жоспарының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған. Бұл жерде ниет танытқан кез келген адам онымен танысып, өз ұсынысын бере алады.

  • 27.05.2021
  • 426
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика