- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев қала басшысы Бауыржан Ғайсамен бірге Көкшетаудың бірқатар әлеуметтік және құрылыс нысандарын аралады
Бірінші кезекте облыс және қала әкімдері тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдері сатылатын "Kokshe Market" жаңа сауда павильонында (Алтынсарин көшесі, 6 үй) болды. Дүкенде жергілікті өндірушілер қол жетімді бағамен тікелей жеткізетін көптеген өнімдер бар.
Жұмыс сапары барысында Ермек Маржықпаев пен Бауыржан Ғайса "Бейбітшілік" шағынаудандағы жолды реконструкциялау, су тазарту құрылыстарын кеңейту және Сүлейменов көшесіндегі автомобиль көпірін жөндеу барысымен танысты, Қопа көлінің бойындағы жағалау құрылысын жалғастыру үшін жер телімі қаралды. Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды.
- 29.05.2021
- 234