• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әсет Ерғалиев Үкіметте Түркістан облысының Кешенді даму жоспарын таныстырды

Бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын таныстырды.

«Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, туризмді дамытуды, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейтін 142 іс-шарадан тұрады», - деді Әсет Ерғалиев.

Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 3,6 трлн. теңге, оның ішінде жеке инвестициялар – 2,7 трлн. теңге, 530,6 млрд.теңге республикалық бюджеттен, 348,5 млрд. теңге жергілікті бюджеттен.

Өнеркәсіп саласында мұнай өңдеу зауытын, химия кешенін және тұрмыстық техника өндіру зауытын салу, сондай-ақ «ТURKISTAN» АЭА аумағын 973 гектарға ұлғайту және басқалары көзделген 26 іс-шара жоспарланған.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту саласында 810 млрд.теңгеге 93 инвестициялық жоба іске асырылып, Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құруды қосқанда, су тартқыш және сорғы стансасы қайта жаңартылып, ауыл шаруашылығы техникасы мен трактор паркі 37%-ке жаңғыртылады.

Өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында «Қасқасу» тау шаңғысы курортына инфрақұрылым жүргізу, туристік-рекреациялық орталық, 3 қонақ үй, рухани-мәдени орталық және басқа да нысандар салу жоспарлануда.

Министрдің айтуынша, Жоспар арқылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңарту, газбен жабдықтау жұмыстарын жүргізу, электр желілерін жаңғырту және салу көзделуде. «Нәтижесінде халықтың 100%-і сумен жабдықтаумен, 85,4%-і газбен жабдықтаумен қамтылады, электр желілерінің тозуы 49,6%-тен 46,4%-ке дейін төмендейді. Республикалық және жергілікті маңызы бар 2,3 мың шақырым жолды жөндеу және қайта жаңарту 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 99,5%-ке жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Ә. Ерғалиев.

Министр атап өткендей, денсаулық сақтау саласында 570 төсектік көпбейіндік аурухана, ауысымда 500 адам қабылдайтын үш емхана, жедел медициналық жәрдем стансасы, сондай-ақ Ана мен бала орталығы салынады.

3 ауысымдық және апаттық мектептерді жою, сондай-ақ орын тапшылығын азайту мақсатында 130 жаңа мектеп салынады. Назарбаев зияткерлік мектебі мен жатақханасы бар «Дарын» мектеп-интернатын, сондай-ақ теннис орталығын, мұз сарайын, ат-спорт кешенін және басқа да нысандар салу жоспарланған.

«Кешенді жоспарды іске асыру арқылы 2025 жылға қарай шамамен 40 мың жаңа жұмыс орны құрылып, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3 есе артады. Өнеркәсіптің 35%-ке өсуі, еңбек өнімділігінің 52,1%-ке ұлғаюы, халықтың нақты кірісінің 54,8%-ке өсуі болжануда. Кешенді жоспарды уақтылы және толыққанды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы ЖӨӨ-нің нақты өсуі 6,3%-ті құрайды», - деді Ұлттық экономика министрлігі басшысы.

  • 01.06.2021
  • 257
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика