- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Оңдасын Оразалин дарынды балалармен кездесті
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдің дарынды оқушылары – оқу озаттары, олимпиада, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, полиглоттармен кездесті. Әңгімелесу кезінде облыс әкімі оқушыларды мерекелерімен құттықтап, оқуларына табыс тіледі.
«Биыл - еліміз үшін маңызды жыл, Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. 30 жыл - тарихи өлшеммен қас қағым сәт. Алайда, осы уақыт ішінде Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміз қиын сынақтарды жеңіп, тәуелсіздігімізді нығайта отыра әлемге таныла алды»,- деді Оңдасын Оразалин. – «Бүгінде облыс бойынша 400-дей мектеп жұмыс жасап тұр. Оның 153-і Тәуелсіздік жылдарында салынған. Елімізде жастарды дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Соның айқын дәлелі – «Болашақ» бағдарламасы. Тәуелсіздіктің халқымызға не бергенін әрдайым ұмытпаңыздар»,-деді аймақ басшысы.
- 02.06.2021
- 248