• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрлігінде Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

2021 жылғы 2 маусымда «Қазақстан экономистері қауымдастығы» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің басшысы Ораз Жандосовтың төрағалығымен өткізілген Қоғамдық кеңес отырысы барысында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік даму жоспарының жобасы таныстырылып, сондай-ақ 2020 жылға арналған стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу қорытындылары жасалды.   

«Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуы елдің аумақтық тұтастығы, өңірлердің дербестігі, экономикалық ресурстардың шоғырлануы, елдің ішкі және сыртқы байланыстылығын сақтауға, өмір сүру сапасының базалық стандарттарын қамтамасыз етуге, өңірлерге сараланған тәсілді қолдануға негізделеді», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров.

Жоспар елдің кеңістіктік дамуына айтарлықтай әсер ететін алты негізгі үрдіске негізделген. Бұл аймақтандыру, экономикалық қуаттың Қытайға ауысуы, климаттың өзгеруі, цифрландыру және автоматтандыру, сондай-ақ мұнайға сұраныстың төмендеуі.

«Елдің аумақтық даму жоспарында 4 тәсіл қарастырылған. Бұл өңірлердің бәсекелестік артықшылықтары базасында «өсу нүктелерін» дамыту, басқарылатын урбандалу, «инфрақұрылымдағы адамдар, халықтың ұтқырлығының аумақтық байланысын қамтамасыз ету» бойынша ауылдық аумақтарды дамыту», - деді министрдің орынбасары.

Отырыс барысында ҚР ҰЭМ Экономика және қаржы департаментінің директоры Данабек Керімрай 2020 жылға арналған стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, 2022-2024 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру қорытындылары туралы баяндады.

Оның айтуынша, 2020 жылы Министрліктің бюджеті толық көлемде игеріліп, жергілікті атқарушы органдарды қолдауға, Өңірлерді дамыту, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламаларын іске асыруға, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша, халықаралық ұйымдармен жобалар бойынша және т. б. бағытталған.

2022-2024 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыруға келсек, спикер үш стратегиялық бағытты іске асыруға қаражат бөлу басымдылығын атап өтті. Әңгіме мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін дамыту, қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту туралы болып отыр.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Симонов, Блокчейн және криптотехнологияларды дамыту ұлттық қауымдастығының президенті Алан Дорджиев, «LRT құрылысы дирекциясы» ЖШС Бас директоры Әділше Ермұханов, азаматтық қоғам өкілдері Әнуар Боранбаев, Арман Дунаев, Азамат Нұрмұхамбетов, Дәрмен Сәдуақасов және Нұрлан Шоқпарбаев қатысты.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңесі «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен құрылған консультативтік-кеңесші, байқаушы орган. Кеңес халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін ведомствоның азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

  • 03.06.2021
  • 288
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика