- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Құрметті ақмолалықтар! Қадірлі жерлестер!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
29 жыл бұрын – 1992 жылғы 4 маусымда еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн бәріміз үшін басты мерекелердің бірі болды.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл меже қол жеткізген жетістіктерімізді нақты талдауға мүмкіндік береді.
Еліміздің тәуелсіздігінің мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн.
Еліміздің Мемлекеттік рәміздері халқымыздың құндылықтарын, оның көп ғасырлық тарихы мен бай дәстүрлерін бойына сіңірген.
Мемлекеттік рәміздер біздің азаматтарымыз бен өскелең ұрпақ үшін үлкен адамгершілік мәнге ие.
Біздің азаматтарымыз еңбекте, ғылым мен мәдениет және спорт салаларында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген кезде Қазақстанның көк байрағы желбіреп, еліміздің Гимні шырқалады.
Бүгінгі таңда ақмолалықтар түрлі әлемдік додаларда басты мемлекеттік рәміздерімізді зор абыроймен паш етіп келеді, Ұлы даланың тарихы мен жетістіктеріне қатыстылығын мақтан тұтады.
Нағыз патриот үшін Ту, Елтаңба, Гимн – бұл жай ғана рәміздер емес, бұл туған жердің символы, егемен еліміздің бейнесі.
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің беделі бүкіл әлемде өсіп, нығая берсін. Олардың ұлылығы – біздің күнделікті жасампаз еңбегімізде, экономиканың өсуінде және тұрақтылық пен келісімді сақтауда.
Құрметті жерлестер!
Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбітшілік тілеймін! Отанымыз – Қазақстан гүлдене берсін, Тәуелсіздік туы биіктен желбіресін!
- 04.06.2021
- 216