• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Г.Б. Сұлтанова
Қазақстан мен Түркия ақпарат және қоғамдық даму салалары бойынша стратегиялық сессиялар өткізді

2021 жылдың 3-4 маусым аралығында онлайн-форматта өткен Қазақстан мен Түркияның бірлескен стратегиялық сессиялардың іс-шаралары аяқталды.

4 маусымдағы бүгінгі іс-шаралар барысында ақпарат пен этносаралық қатынастарды дамыту салалары бойынша тәжірибе алмасу сұрақтарына қатысты нәтижелі талқылаулар болды. ҚР АҚДМ өкілдері Қазақстан мен Түркияны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударып отырған достық өзара қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

Атап айтсақ, тараптар жалған ақпаратпен күрес, медиасфера мамандарын оқыту аспектілері, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия кіретін Түркі Кеңесінің диаспорасы мәселелері бойынша министрлердің 4-ші отырысын өткізу мәселелері секілді маңызды сұрақтарға ерекше назар аударып, бұл бағытта  серіктестікті одан әрі дамыту қажеттілігіне тоқталып, пікір алмасты.

Жалпы, екі күнге созылған мазмұнды бағдарлама Министрлік жұмысының 6 бағыты бойынша тақырыптық 4 стратегиялық сессияларды қамтыды. Олардың аясында Қазақстан мен Түркия өкілдері азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясаты, ақпарат және БАҚ, діни қызметті реттеу, этносаралық қатынастарды дамыту салаларын қамтитын кең ауқымды сұрақтарды талқылады.

Қазақстан тарапынан ҚР АҚДМ құрылымдық бөлімшелері, атап айтқанда, азаматтық қоғам істері, ақпарат, жастар және отбасы істері, этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттер, БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Ұлттық еріктілер желісі, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы, "Отандастар"қоры қатысты.
Түркия тарапынан Түркия Республикасы Президенті Әкімшілігінің қоғаммен байланыс жөніндегі Бас басқармасы, Жастар және спорт министрлігі, Дін істері басқармасы, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) бағдарламасының Үйлестіру кеңсесі, Түркияның ірі БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы сәуірде Аида Балаеваның басшылығымен болған қазақстандық делегацияның Түркияға жұмыс сапары аясы мен Түркия Президенті Әкімшілігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы Фахреттин Алтунмен, Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоғлумен және дін істері басқармасының төрағасы Али Ербашпен өткен іскерлік кездесулердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жетекшілік ететін салалары бойынша Түркия Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлескен стратегиялық сессиялар өткізу туралы келісімге қол жеткізілген болатын.

  • 04.06.2021
  • 259
Г.Б. Сұлтанова
(Мұрағат)

ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика