- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
МАҢҒЫСТАУДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ТҮРІ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Маңғыстау облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу бағытында 774 спорт ғимараты жұмыс жасайды.
Ағымдағы жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша 2 спорт зал және 10 спорт алаңы пайдалануға берілді.
Биыл жыл соңына дейін тағы 8 нысан салу жоспарланып отыр.
Өңірде бұқаралық спортты дамыту бойынша 19 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 16 705 спортшы шұғылданады. Онда 43 спорт түрінен 635 жаттықтырушы жұмыс істейді. Олимпиадалық резерв дайындау орталығында 10 спорт түрімен 52 спортшы, жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде 17 спорт түрімен 198 спортшы шұғылданады.
2021 жылдың 1 тоқсанында 12 спорт шебері, 87 спорт шеберлігіне үміткер және 78 бірінші дәрежелі спортшы дайындалды. Халықаралық және республикалық жарыстарда 95 алтын, 119 күміс және 172 қола барлығы 386 медаль жеңіп алынды.
Биыл өңірде 30 спорт түрінен 60 секция ашу жоспарланған. Бүгінгі таңда 17 спорт түрінен 39 секция ашылып, онда 2 893 бала тегін спортпен шұғылдануда.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа тарту мақсатында 10 нұсқаушы штат бірлігі бөлініп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 3 жаттығу тобы және 1 дене дайындығы топтары ашылды. Алғаш рет Ақтау қаласында Бочча спорт түрінен топ ашылды.
Биыл Токиода өтетін Олимпиадаға Маңғыстау облысынан Бекзат Нурдаулетов қатысады. Сондай-ақ «Каспий» баскетбол ерлер командасының екі ойыншысы Владимир Курочкин және Денис Дегтярев 26-30 мамыр аралығында Австрияның Грац қаласында өтетін Олимпиадалық турнирге «Степные Волки» командасының кеңейтілген құрамына іріктеліп алынды.
Үлкен футбол спорт түрінен, «Каспий» футбол командасының ойыншысы Мақсат Тайкенов Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасында өнер көрсетуге шақырту алды.
- 07.06.2021
- 194