• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
1-ШІЛДЕДЕН БАСТАП, ЖАҢА КОДЕКС КҮШІНЕ ЕНЕДІ

Бүгін Маңғыстау облысына ҚР Президентінің көмекшісі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен келді. 
Президент 2020 жылы 29-маусымда қол қойған ҚР Әкімшілік ресімдік-процессуалдық кодексі биылғы 1-шілдеден бастап күшіне енеді (ӘРПК). Жаңа Кодекс – Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Концепциясының іргелі нормативтік құжаты. ӘРПК мемлекеттік органдардың өтініш берушілермен жұмыс парадигмасын түбегейлі өзгертеді.
Президент көмекшісі өңірдегі белсенді азаматтармен, қала, аудан және ауылдық округ әкімдерімен кездесті. Онда Т.Дүйсенова мемлекеттік органдар жұмысының жаңа жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттырудың  жаңа мүмкіндіктері туралы  баяндап берді.

Жұмыс барысында Тамара Дүйсенова аудан әкімдерімен, аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларымен, ауылдық округ әкімдерімен, Ақтау қаласының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесті. Сондай-ақ, ҮЕҰ, жастардың қоғамдық бірлестіктерімен, көп балалы аналармен, ардагерлермен, БАҚ өкілдерімен кездесті. Президент көмекшісі Мұнайлы ауданындағы ХҚКО орталығына барып, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің жұмысымен танысты, ауылдық округ әкімдерімен, жұртшылықпен кездесу өткізді.
Іс сапар тобының құрамында жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың – Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, Юстиция министрліктерінің, Бас прокуратураның және басқа да мекемелердің өкілдері болды.
Жаңа ӘРПК-ке сәйкес, өтініш беруші «е-Өтініш» біртұтас ақпараттық жүйесі арқылы өз өтінішінің мемлекеттік органдарда қаралу барысын көріп отыруға мүмкіндік алады, дәлелдер келтіру және оларды зерделеуге қатысу және түсініктеме беру, қажетті құжаттарды ұсыну  құқығына ие болады. Өтініш беруші мемлекеттік органнан алған жауабына қанағаттанбаса, оның жоғары сатыда тұрған органға шағым келтіруге, одан кейін шешім қабылдаған мемлекеттік органды  талап арызбен сотқа беруге құқығы бар.  
Азаматтар мен бизнес өкілдерінің талап арызын арнайы әкімшілік соттар мемлекеттік органдардың «кінәлілік презумпциясы» қағидаты бойынша қарайтын болады. Яғни өтініш беруші емес, мемлекеттік орган өзі қабылдаған шешімінің немесе берген жауабының дұрыстығын дәлелдеп, негіздейтін болады. Сырғытпа жауап беру мен созбалаңға салу тек орындаушы қызметкердің емес, сонымен бірге бүкіл мемлекеттік органның жауапкершілігінің пәні болады. Сынықты сылтау қылып, болмашы себептермен талап арыздарды кері қайтару тәжірибесін тоқтату үшін, сот өтініш берушілерге талап арызды дұрыс жазуға көмектесетін болады. Судья «белсенді» және «сөйлеуші» болады, арызданушыға мүддесін қорғауда көмектеседі.
Әкімшілік әділет жүйесін құру ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесінде бар және Латвия, Грузия, Молдова, Әзірбайжан және басқа елдерде сәтті іске асырылуда.
Жаңа ұстанымдарға сәйкес, азаматтардың өтініштерін қарау жүйесінің инфраструктурасы да өзгертілуде. 
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Бас прокуратура мен Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігі «е-Өтініш» біртұтас ақпараттық жүйесін әзірлеп,  қолданысқа енгізуде.
«е-Өтініш» – өтінішті қараудың бүкіл тарихы сақталатын біртұтас база,  ол барлық мемлекеттік және сот органдарына, сонымен қатар өтініш берушілерге қолжетімді болады.    
1-шілдеден бастап кезең-кезеңмен «е–Өтініш»-ке өту басталады, ол бойынша азаматтардың өтініштері мемлекеттік органдарға біртұтас ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады.
Автор өз өтінішінің қаралу барысын көріп отырады, өтініштерді қарау мерзімі 30-дан 15 күнге қысқартылады.  
Қазіргі таңда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 100% ақпараттық жүйеге қосылған, ел көлемінде пилоттық қолдану басталды.

  • 11.06.2021
  • 218
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика