- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды
ҚР АҚДМ әдістемелік қолдауымен «KazakhInvest», «Қазақстан Ғарыш сапары» және «KazakhExport» ұлттық компанияларында Қоғамдық кеңестер құрылды.
Сондай-ақ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің, «QazExpoCongress», «Қазгеология», «ҚазАвтоЖол», «Қазақстан Инжиниринг», «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы», «KazakhTourism», «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ұлттық компанияларының қоғамдық кеңестерін құру рәсімі жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға түзетулердің арқасында квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 13 Қоғамдық кеңес құрылуда. Олардың құрылуына мемлекеттік бюджеттің қаражаты жұмсалмайтындығын атап өту қажет.
- 11.06.2021
- 240