• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әсет Ерғалиев Ресей Федерациясының Стратегиялық бастамалар агенттігінің өкілдерімен кездесті

А.ж. 14 маусымда ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің Стратегиялық бастамалар агенттігінің өкілдерімен кездесуі барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасында инвестициялық ахуалды жетілдіру, бизнесті дамыту және мемлекеттің стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастырды.

Министр Қазақстанда инвестиция үшін барынша қолайлы жағдай жасалатынын атап өтті. «Біздің стратегиялық міндетіміз – 2025 жылға қарай шетелдік инвестиция көлемін жылына $30 млрд.-қа дейін арттыру. Бұл негізгі капиталға салынған инвестицияр деңгейін 30% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді А.Ерғалиев.

Ерғалиевтің айтуынша, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және инвестиция ағынын ынталандыру үшін инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылуда: салық жеңілдігі, заттай грант беру, сондай-ақ қолдаудың жаңа құралы – мемлекет пен инвестор арасындағы барлық уағдаластықты заңнамалық түрде бекітетін Инвестициялар туралы келісім заңнамалық түрде енгізілді.

Өз кезегінде, РФ СБА бас директоры Светлана Чупшева Агенттіктің мемлекеттік басқару және инвестиция тарту мәселесіндегі бастамалары туралы баяндап, ағымдағы жылғы 15 маусымда Алматы қаласында өткізілетін Almaty Management University (AlmaU) университеті базасында алғашқы шетелдік «Қайнау нүктесінің» ашылуы туралы еске салды. «Алматыдағы «Қайнау нүктесі» мемлекет, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдері арасында пікір мен тәжірибе алмасу үшін тиімді диалог алаңына айналатынына сенімдімін», - деді С.Чупшева.

Қорытындылай келе, ҰЭМ басшысы инвестициялық ахуалды жетілдіру және мемлекеттің стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша ресейлік тәжірибені зерделеуге дайын екенін білдірді.

РФ СБА басшысы да Қазақстанның мемлекеттік, жеке секторымен және қоғамымен берік іскерлік байланыс орнатуға мүдделілік білдірді.

Анықтама: «Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігі» дербес коммерциялық емес ұйымы (бұдан әрі - СБА) Ресей Федерациясы Үкіметінің 2011 жылғы 11 тамыздағы өкімімен құрылған. СБА Ресей Федерациясы Президентінің жобалық кеңсесі ретінде әрекет етеді және іскерлік ахуалды жақсарту, технологиялық даму және инновацияларды қолдау, білім беру және кадрларды даярлау, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету, өңірлік және қалалық даму, жасыл экономика және жауапты туризм саласындағы жүйелі өзгерістерге бағытталған жобаларды іске асырады.

«Қайнау нүктесі» - ұжымдық жұмыс үшін кеңістік. Мұнда кез-келген адам Leader-ID қызметі негізінде білім беру мен іскерлік іс-шараларды тегін ұйымдастыра алады немесе қатыса алады, кәсіби қауымдастықтарда білім беріп, оқи алады, жобаны жүзеге асыру үшін топ жинап, бүкіл ел бойынша сарапшылар немесе инвесторлар таба алады. Қазіргі уақытта Ресейде 114 «Қайнау нүктесі» бар.

  • 15.06.2021
  • 245
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика