- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
ПОЖАР В ТОО «КАЗГПЗ»: СОЗДАН ОПЕРАТИВНЫЙ ШТАБ ПО ЛИКВИДАЦИИ ВОЗГОРАНИЯ
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен шұғыл брифингіде Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлім етті. Оның айтуынша өрт салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер жоқ.
«16 маусым сағат 22:09-да Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС компрессорлық цехының ауа тоңазытқышы өртенді. Сағат 23:17-де өртті оқшаулау және толық жою жұмыстары жүргізілді. Өрт салдарынан градирня конструкциясының бір бөлігі істен шықты, негізгі жабдық зардап шеккен жоқ. Градирняны қалпына келтіру бойынша авариялық-жөндеу жұмыстары басталды. ҚазГӨЗ бойынша оқыс оқиғаны тексеру туралы бұйрық шығарылды, өрт салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды», - деді Мақсат Ибағаров.
«Қазақ Газ Өңдеу» зауыты басшысы Нақберген Төлеповтің айтуынша зауыттың дайын өнім қоймаларындағы сұйытылған мұнай газының мөлшері өңірдің қажеттілігін шамамен екі тәулікке қамтамасыз етеді.
«Сұйытылған газ қоры жеткілікті. Егер қжеттілік туындаған жағдайда Атырау мұнай өңдеу зауытынан өңірге сұйытылған газды баламалы жеткізуге мүмкіндік бар. Зауыттың 30 пайызы жұмыс жасап тұр. Өрт болған аймақ жақын арада толық қалпына келтірілетін болады. Өңірде сұйытылған газбен қамтамасыз ету бойынша ешқандай іркілістер күтілмейді»,-деді Нақберген Төлепов.
Өңірге ай сайын шамамен 18 мың тонна сұйытылған газ бөлінеді. Оның ішінде ҚазГӨЗ-ден 14,5 мың тонна, АМӨЗ-ден 3,5 мың тонна. Жедел ақпарат бойынша ҚазГӨЗ-ден 8 мың тонна, АМӨЗ-ден 1,6 мың тоннадан астам сұйытылған газ шықты.
Айта кетейік, 2021 жылдың 16 маусымында жергілікті уақытпен 22:19-да Жаңаөзен қаласындағы өндірістік аймақта «КазГПЗ» ЖШС-нің компрессорлық цехында өрт шықты. Көлемі шамамен 980 шаршы метрді құрайды.
“23:17-де өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінен 35 қызметкер, 6 техника, аудандық ішкі істер бөлімінен 6 қызметкер, 3 техника, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінен 16 қызметкер мен техника жұмылдырылды»,-деді Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Бекболат Әбдіқадыров.
- 18.06.2021
- 230