• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МАҢҒЫСТАУДА ЖАНУАРЛАР АРАСЫНДА ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Маңғыстау облысында жануарлар арасында аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Ветеринария басқармасының басшысы Шамғали Хамиев мәлім етті.

Оның айтуынша қауіпті аурудың таралуына жол бермеу мақсатында төрт түлікке салынатын дәрілер мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынады. Әр аумақтағы эпизоотиялық жағдайға байланысты, жануарларды вакцинациялау ақысыз негізде жүргізіледі.

«Құтыру ауруына қарсы ірілі-ұсақты мал, жылқы, түйе, ит, мысыққа екпе салу қыркүйек-қазан айында жүргізіледі.  Пастереллез ауруына қарсы ұсақ мал сәуір және мамыр айында егіледі. Сібір жарасына қарсы түйе, ірі қара малды егу жұмысы сәуір-мамыр, қыркүйек-қазан айында өтеді.  Эхинококкоз ауруына қарсы вакцинациялау наурыз, маусым, қыркүйек, қараша айында жүргізіледі. Күл ауруына қарсы ұсақ мал сәуір, маусым, тамыз-қараша айында егіледі. Оба ауруына қарсы мамыр және шілде айында түйеге екпе салынады. Маңқаға тексеру сәуір,тамыз, қараша айында жүргізіледі. Вакцинациялау жұмыстарымен қатар диагностикалық ветеринариялық іс-шаралар тегін жүргізіледі»,-деді Шамғали Хамиев.

Мамандардың айтуынша заңға сәйкес төрт түлік иелері қой-ешкіні, сиыр мен түйені сырғалауға, жылқыны чиптеуге міндетті. Сырғаланған және чиптелген мал тиісті жеке нөмірімен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің электронды базасына енгізіледі. Төрт-түлік базаға тіркелмеген жағдайда ауылдық округтің ветеринар маманына немесе аудандық ветеринариялық станцияға хабарласуларыңыз сұралады.

  • 18.06.2021
  • 246
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика