- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ, «ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ
Шараға Ақтау қаласының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері, жастар орталығының еріктілері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Кітапхана төрінде Маңғыстау ақын-жазушыларын насихаттау мақсатындағы
«30 жыл» кітап инсталляция жасақталды.
Екі бөлімнен тұратын шараның алғашқы кезеңінде қатысушылар бірнеше кітаптардың авторы, коллекционер Иманберді Марат Айтбекұлымен кездесті. Марат Айтбекұлы Тәуелсіздік жайында тарихи тағлымы мол әсерлі әңгімесімен бөлісті.
Одан әрі шара кітап көрмесімен жалғасты. Көрмеде Тәуелсіздіктің 10, 20 жылдығы тұсында шыққан көп сериялы және бірнеше томдық "Тәуелсіздік дәуірі", "Тәуелсіздік шежіресі" кітаптары қойылды.
- 18.06.2021
- 192