• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Құрметті полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Баршаңызды төл мерекелеріңіз – Қазақстан Полициясы күнімен құттықтаймын! Адамдардың алаңсыз өмір сүруін, олардың қауіпсіздігін сақтау басты бағыттардың бірі. Осы орайда, өткен жылы облыста қылмыстың барлық түрінің бір жарым есе азайғанын айта кетуге болады. Полиция қызметкерлері өздерінің міндеттеріне әрдайым жоғары жауапкершілікпен қарап, нәтижелі жұмыс істеуде. Бұл орайда, орын алған қылмысты ашумен қатар, алдын алу, қылмысты болдырмау да өте маңызды.

Цифрлық технологияның дамуы да қылмыстың алдын алуға және ашуға ықпалын тигізуде. «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында орнатылған 1410 бейнекамераның арқасында 278 қылмыс ашылып, 31 мыңнан астам әкімшілік-құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Ауыл тұрғындарын қатты алаңдатып келген мал ұрлығы да азаюда. Бұл орайда бұрнағы жылы 347 оқиға орын алса, өткен жылы 225 мал ұрлығы болғандығын айта кетуге тиістіміз. Ұрлықтың алдын алу барысында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бағымдағы малын қараусыз қалдырмау орайында 32 мәрте біріккен кеңес өткізіліп, 85 келісім-шартқа қол қойылды. Өзгенің мүлкіне қол сұғудың жаңа түрі пайда болды. Қазір алаяқтардың интернет ресурстарын пайдалана отырып, адамдарды алдап-арбауы көбірек көрініс беруде. Оңай олжа тапқысы келетіндердің алдына тосқауыл қойылуда. Тұрғындармен түсінік жұмыстары жүргізілуде.

Адамдарға қауіп-қатер төндіретін жол-көлік оқиғалары да біршама азайды. Бүгінгі күні бұл тараптағы оқиғалардың 25,5 пайыз кемігендігін айтуға болады. Әйтсе де, әлі де жұмысты ширата түскен ләзім. Адамдардың қауіпсіздігін сақтау барысында учаскелік инспекторлардың атқарып отырған жұмысы қомақты. Облыста 320 учаскелік инспектор қызмет етуде. Олар отбасылық қылмыстарды ізін суытпай ашып, қылмыстың алдын алу бағытында аянбай жұмыс істеуде. Өткен жылы учаскелік инс-пекторлар мыңнан астам қылмыс ашып, 40 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Қазан қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты сақтық шараларын күшейту туралы бұйрығын орындау барысындағы жұмыс ширатыла түсуде. Облыстағы 881 білім мекемесінде, 246 мектепке дейінгі мекемеде 556 күндізгі жалпы білім беретін мектепте және жоғары оқу орындары мен колледждерде қауіпсіз шараларын күшейту барысында жұмыс жүргізілуде.

Салада атап айтарлық жаңалық аз емес, қолға алынған барлық шаруа қоғамдық тәртіпті мейлінше қатаң сақтауға және қылмыстың алдын алуға бағытталып отыр. Бұл жауапты әрі күрделі міндет. Сол міндет үдесінен шығып келе жатқан барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасының бақытын тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым жана берсін!

  • 23.06.2021
  • 259
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика