- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Т.ХИТУОВТЫҢ ӨМІРДЕН ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
ҚР Парламенті Мәжілісінің VI сайланған депутаты, Маңғыстау облысына еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткері Хитуов Тарас Киікбайұлы 58 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған аурудан дүниеден өтті.
«Бұл суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Тарас Киікбайұлы Маңғыстау өңірінің дамуына атсалысып, мұнай саласының қарыштап қадам басуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Адал еңбегі, зор жауапкершілігімен еліміздің заңнамалық базасын жетілдіруге бар күш жігерін жұмсады. Маңғыстау жұртшылығы атынан марқұмның отбасына, ағайын туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Асыл азаматымыздың жаны пейіште шалқысын»,-деді С.Трұмов.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 24.06.2021
- 157