• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ ГАЗ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ БҮГІН ТОЛЫҚ ҚУАТЫНДА ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Бүгін облыс әкімі Жаңаөзен қаласына іс-сапармен барып, "ҚазГӨЗ" зауытының бүгінгі жайымен танысты. Айта кетсек, 16 маусым күні зауыттың сыртқы жылу ауыстырғыш аумағының К-900 компрессор цехы өртенген болатын. Көп ұзамай тілсіз жау ауыздықталды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бүгінде зауыт 30% -ға жұмыс істеп тұр. Аумағында авариялық қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Зауыт басшысының айтуынша, кәсіпорын бүгін түнде 100%-ға толық қуатында жұмыс істей бастайды. 

Айта кету керек, “ҚазМұнайГаз” компаниясы қазір зауыт жанынан жаңа газ өңдеу зауытының жобасын жасауға кірісті. Күні кеше Мемлекет басшысы да бұл зауыттың құрылысын тездетуді тапсырды. 

Сапар барысында облыс әкімі Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, қаладағы өзекті мәселелерді талқылады. Депутаттар қалының дамуына қатысты мәселелерді ортаға салып, әкімге ұсыныстарын жеткізді. 

С.Трұмов Рахат ауылындағы аудандық маңыздағы «Жаңаөзен әуежайы» автокөлік жолының жөндеу жұмыстарын, «Шаңырақ» шағынауданындағы жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы мен Қызылсай ауылдық амбулаторя құрылысының жұмыстарымен танысты. Аталған жобалар белгіленген кестеге сай жүруде. 

Қызылсай ауылында 7500 тұрғын бар. Оларға қызмет ететін амбулатория биыл тамызда іске қосылады деп жоспарлануда. Сондай ақ, онда жұмыс істейтін дәрігерлерге тұрғын үй дайындалып қойған. Тек әкімнен узи мен рентген аппаратын алып беруді сұрады. Аймақ басшысы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп,қажетті аппараттарды алуға көмектесетінін айтты. 

Облыс әкімінің бастамасымен іргетасы қаланған жаңа Кендірлі ауылында алғашқы әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Ауылда 300 орынды мәдениет үйі мен 45 орынды кітапхананың құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде қос ғамараттың құрылысы 85% аяқталған. 

Сондай-ақ, «Шұғыла» шағын ауданындағы 6,7,8,9 үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. С.Трұмов аталған нысандарды аралап көріп, жауапты мамандарға жұмыстың сапасына мән беруді және белгіленген уақытында аяқтауды тапсырды. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 24.06.2021
  • 237
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика