• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Сенат аудандық, қалалық және ауылдық округтердің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту жөніндегі заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, заң жобасы бірқатар нормативтік құқықтық актілерге аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің кіріс базасын кеңейту; бюджеттік рәсімдерді оңайлату; әкімшілік-аумақтық бірліктерге қойылатын талаптарды жетілдіру; дербестікті кеңейту және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейтуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Бюджеттің кіріс көздерін ұлғайту үшін ЖӨБ бюджеттің IV деңгейіне салықтар мен төлемдердің қосымша төрт түрі беріледі. Бұдан басқа, бюджеттік рәсімдер жеңілдетіледі. Атап айтқанда, ауылдық округ әкімі аппараты үшін бюджетке жиырма пайыздан аспайтын көлемде түзету енгізіледі. Түзету жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша жүргізіледі.

«Бюджет кодексіне қаржы жылы ішінде аудан мен ауылдық округ бюджеттері арасындағы ЖСТ көлемінің өзгеруіне жол бермейтін нақтылаушы норма енгізіледі. Осылайша, ауылдық округтер әкімдерінде субвенцияларды азайту немесе алып қоюларды ұлғайту қаупінсіз ауылдық округтердің салық салынатын базасын ұлғайтуға мүдделілік болады», - деді Ә.Ерғалиев.

Сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктер санатын өзгерту тәртібі де айқындалады. Қала мәртебесінің өзгеруі сәйкес келмеген жағдайда бес жыл ішінде, ауылдарда үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

Заң жобасында мәслихат пен олардың депутаттарының мәртебесін арттыру бойынша түзетулер, атап айтқанда, мәслихат сессиясының төрағасы лауазымын тарату және оның өкілеттігін мәслихат хатшысына беру көзделген.

Заң жобасы Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

«Заң жобасы өңірлердің дербестігі мен жауапкершілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп, жергілікті маңызы бар мәселелерді жедел шешу үшін бюджеттік рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетеді», - деді Ұлттық экономика министрі.

  • 25.06.2021
  • 258
Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика