- Блогтар
- Уандыков Б.К.
Уандыков Б.К.
«Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен!
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын. 1992 жылы 4 маусымда еліміздің жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.
Кез келген мемлекеттің міндетті атрибуттары елтаңба, ту, әнұран - мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын, ел тарихын және қазіргі құндылықтарды бейнелейді, мемлекеттің азаматтары үшін, өскелең ұрпақ үшін үлкен мәні бар.
Әрбір азамат өз елінің патриоты ретінде мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тиіс.
Мерекелеріңізбен! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен амандық, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
- 03.06.2020
- 424