• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттық өткізу күні жарияланды

Бүгінде Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі штатты режимде жұмыс істейді. Тұтынушылар электр энергиясымен толық қамтамасыз етілген.

Бұл ретте, электр қуатының жалпы профицитіне қарамастан, энергия жүйесіндегі тапшылықты жедел толтыра алатын реттеуші (маневрлік) қуаттардың жетіспеушілігі бар. Кешкі уақытта және авариялық тоқтаулар пайда болатын ең жоғары жүктемелерді жабу үшін қосымша қуаттарды пайдалану қажет. Елдің реттеу қуаттарының көлемі жеткілікті емес және негізгі көмір генерациялары (ел балансында шамамен 70% алады) энергия жүйесін реттеуге арналмаған және қысқа уақыт ішінде электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайта алмайды.

Осыған байланысты Жүйелік оператор «KEGOC» АҚ атынан шектес мемлекеттердің энергия жүйелерін реттеуге пайдалануға мәжбүр. Көршілес елдер өтейтін теңгерімсіздік 600-800 МВт шамасына жетеді.

Осылайша, 7 желтоқсанда «Электр энергетикасы туралы» Заңға генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салуды дамытуды ынталандыратын бірқатар түзетулер енгізілді.

Заң электр энергиясы мен қуатын тұтынудың өсуін ескере отырып, қолданыстағы және болжамды ең жоғары қуаттарды жабу, сондай-ақ энергетикалық жүйенің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аукциондық сауда-саттық жүргізу арқылы маневрлік генерацияны дамыту үшін инвесторларды тарту тетігін көздейді. Бұл тетік маневрлік генерация жөніндегі жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған инвесторлар үшін бірқатар ынталандыратын қолдау шараларын жасайды.

Мемлекет басшысының 26 қаңтардағы маневрлік генерацияны дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Энергетика министрлігі жаңа реттеуші электр қуаттарын іске қосу бойынша жұмысты жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесі аймағында маневрлік қуаттардың қажетті көлемін, жабдық түрін, аймағын анықтай отырып, Генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын әзірлеп бекітті.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5-тармағына сәйкес генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу мақсатында Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 25 маусымдағы бұйрығымен Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға 2021 жылға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу графигі бекітілді.

Аталған графикте Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің мынадай аймақтары бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу көзделген:

Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес

- 27.12.2021 жыл – Оңтүстік аймақта (Қызылорда облысы) белгіленген электр қуаты шамамен 150-250 МВт болатын жылу энергиясын беретін бу-газ қондырғысын салу;

- 28.12.2021 жыл – Оңтүстік аймақта (Түркістан облысы) белгіленген электр қуаты шамамен 250-350 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу;

Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес

- 29.12.2021 жыл – Оңтүстік және Солтүстік аймақтарда жалпы белгіленген электр қуаты шамамен 450-550 МВт болатын газ қондырғысын және (немесе) судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын генерациялайтын қондырғы салу.

Аукционды өткізу ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

  • 28.06.2021
  • 261
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика