• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Серікбай Трұмов Мағыстаудағы телеарна, басылымдар мен сайттардың журналистері мен сала ардагерлерін құттықтап, өңірдің медиа кеңістігін дамытуға қосқан үлестерін ерекше атап өтті. 

«Маңғыстау өңірінің бұқаралық ақпарат құралдары әрдайым жоғары жауапкершілік және кәсіпқойлықпен ерекшеленеді. Аймақта ресми тіркелген 51 БАҚ бар. Оның 3 телеарна, 2 радиостанция, 6 ақпараттық агенттік және 37 баспа БАҚ. Бүгінде олар заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып келеді. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары бағалаймыз. Сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіре отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тілеймін»,-деді С.Трұмов.

Салтанатты шарада өңір басшысы Тәуелсіздік алған жылдардан бастап баспасөз ісі мен телерадионы дамытуға сүбелі үлес қосқан ардагер журналист Г.Науырша мен Л.Петриченкоға  «Еңбек ардагері» төсбелгісін тақты. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен Қоғамдық коммуникация орталығының басшысы  Ә.Ауданбаева және «Маңғыстау» телеарнасы директорының орынбасары Г.Қалдыбаева марапатталды.  
Сонымен қатар, сан салада болып жатқан оң өзгерістер жайлы қалам ұштап жүрген бүгінгі ақпарат айдынының майталмандары – облыстық «Маңғыстау» газетінің тілшісі Ү.Қашаубаева, «Маңғыстау» телеарнасының бас редакторы С.Рзахметов, «Жаңаөзен» газетінің редакторы Г.Бөлекбаева, «AQTAU» телеарнасының бас редакторы Ә.Бимағамбет, ақын-журналист А.Шамшадинова, «Атамекен бизнес» каналы және «Заң» газетінің меншікті тілшісі Ж.Әбіл «Ақпарат саласының үздігі» атанды. 

Сондай-ақ, абыройлы міндеттің жауапкершілігін сезініп, өз қызметін мүлтіксіз орындап жүрген бірқатар мамандар Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Құрмет грамотасымен» және облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Алты бейнеоператор мен инженерге ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде кәсіби шеберлігін арттыруға жолдама берілді.

Жиын соңында БАҚ қызметкерлері күніне орай өткізілген ерлер арасындағы шағын футболдан және қыздар арасындағы волейболдан облыс әкімі кубогының жеңімпазы атанған «Жаңаөзен» телеарнасының командаларына қаржылай сертификат табысталды. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 29.06.2021
  • 219
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика