- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
«Биіктік» спектаклінің премьерасы өтті
Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында қазақтың тұңғыш бард ақыны Т.Досымовтың өмірі мен шығармашылығына арналған спектакльдің тұсаукесері өтті.
Драмалық шығарма театр басшысы Гүлсина Мерғалиеваның идеясы бойынша ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сахналанды. Қоюшы режиссер– Гүлназ Қамысбаева. Қойылымда небәрі 45 жыл ғұмырында мол мұра қалдырып үлгерген Табылды Досымовтың өнердігі жолы көрініс табады. Тәрбиелік мәні зор, көркемдік деңгейі жоғары ең үздік әндері шырқалды.
Қазақ ұлтының мәдениеті мен өнер тұлғасының шығармашылығын насихатауға арналған қойылымды облыс әкімі С.Трұмов тамашалады.
Табылды Досымов Атырау облысы, Индер ауылында дүниеге келген. Жастайынан өнерге бейім болып өскен Табылды студенттік жылдары өнері жан-жақты қырынан жарқырай ашылып, бард-ақын ретіндегі тұлғасы қалыптасады. Кейінгі жылдары жеке шығармашылығымен қатар туып өскен өңірінде мәдениет және өнер саласын дамытуға елеулі үлес қосқан.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 29.06.2021
- 213