- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Құрметті, маңғыстаулықтар!
Бүгінгі 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күнімен және полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Полиция – елдің қорғаны ретінде халқымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп, күндіз-түні қызмет ететін жауапты мамандық иесі. Бұл саланы таңдаған әрбір азамат тұрғындардың амандығы үшін және қоғамдық тәртіптің кепілі ретінде кез-келген қиындыққа қарамастан аянбай еңбек етіп келеді. Қызмет барысында қауіп-қатерге басын тігіп, батылдық танытқан, тіпті батырлықпен қаза тапқан қаһармандарымыздың ерлігі ел есінде.
Сіздердің алдағы жүктелген міндеттеріңізді абыроймен, адал атқарып, елімізді қорғау мен тыныштығымызды сақтау жолында аянбай еңбек ететіндеріңізге сенім білдіремін. Қызметтеріңізге жетістік, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Өшпес ерлік пен қайсар мінезді, кәсібилікті талап ететін жауапты қызметте абырой биігінен көріне беріңіздер!
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру жолындағы жауапты қызмет. Өз еліңе қызмет ету – түсіне білгенге зор бақыт, мерейлі мәртебе. Бұл мерекенің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы мәртебесін көтеру, абыройын арттыру. Бұқараның билікке деген сенімі және еліміздің қарқынды дамуы Сіздердің білікті білімдеріңізге, мол тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгерлеріңізге тікелей байланысты.
Мемлекеттік қызметті атқару - терең білім мен тәжірибесі мол маман болуын қажет етеді. Болашағын осы саламен байланыстырған әрбір азамат өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп, адалдық, әдептілік, қарапайымдылық қағидаттарын берік ұстанып, халықтың сеніміне ие болуы тиіс.
Құрметті әріптестер!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов.
- 29.06.2021
- 186