• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қарағандылық мұғалімдер Астана күніне орай сыйлық алды

Елорда күні қарсаңында Елбасының тапсырмасы бойынша қаламыздың жас тұрғындарына арнап салынған балалар мен жасөспірімдер сарайында болдым. Бұл Тәуелсіздіктің мерейтойлық жылында жас өрендерімізге жасаған тартуымыз. Мұнда балалардың дамуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Сабақтарды қыркүйек айында бастау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қарағандының жиырма төрт мұғаліміне пәтер кілттерін табыс еттік. Жалпы алғанда, биыл денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласының қызметкерлеріне жүзден астам ведомстволық пәтер беріледі. Бюджет қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстары одан әрі жалғасатын болады.Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Осы жылы облыста тұрғын үй құрылысы төрттен біріне ұлғайтылды.

Сондай-ақ жол құрылысы жұмыстарының барысын тексердім. Терешкова көшесінің қиылысындағы жол учаскесінде топырақ қабатын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп,су құбырлары салынды. Қажетті жұмыстар жасалған соң, шілде айының ортасына дейін асфальттің 3 қабаты төселеді.

К. Маркс-Магнитогорская көшесі бойында инженерлік коммуникацияларды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар нөсер кәрізін монтаждау, топырақты тұрақтандыру шаралары іске асырылуда.

Ал Сталелитейная көшесінен Күзембаев көшесіне дейінгі учаскеде асфальттың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Спорттық мекемелерге де бардым. Н. Әбдіров атындағы спорт сарайында жоғары спорт шеберлігі мектебіндегі жаттығу процесімен таныстым. Мұнда Қарағанды облысының барлық жетекші спортшылары жаттығады.

Ә. Молдағұлова атындағы облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында оқу және тұру үшін жасалған жағдайлармен таныстым. Мұнда 7 сыныптан бастап, 11 сыныпқа дейін 500-ден астам бала оқиды және 18 спорт түрінің қыр-сырын меңгеруде. Оқуды аяқтаған соң тәрбиеленушілер осы жерде интернат жанында жұмыс істейтін колледжде арнайы орта білім ала алады.

Сонымен қатар, бұрын жазғанымдай биыл облыстық онкологиялық аурухананың жаңа операциялық-реанимациялық блогының құрылысы басталды. Жобаны келесі жылы аяқтау жоспарлануда.

  • 04.07.2021
  • 272
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика