• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әсет Ерғалиев Реформалар бойынша жоғары кеңесте Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасының жобасын таныстырды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасының (бұдан әрі - тұжырымдама, ЖӨБ тұжырымдамасы) жобасын ұсынды.

Экономикалық ведомство басшысы Тұжырымдама жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа жолдауы барысында айтылған тапсырманы орындау мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделі бес түйінді қағидат негізінде қалыптастырылатын болады, олар: азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, халық алдындағы ашықтық және есептілік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау, ұйымдастырушылық, экономикалық және қаржылық мәселелерді шешудегі дербестік, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару қызметтерінің функцияларын ажырату.

Атқарылған жұмыстар аясында 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап ауыл әкімдерін тікелей сайлау басталады. Сайлау заңнамасына сәйкес кандидаттарды ұсынудың екі негізгі әдісі қарастырылған – саяси партиялардан және өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Келесі қадам 2024 жылдан бастап аудан әкімдерін тікелей сайлауды енгізу болады.

Тұжырымдамада тұрғындардың маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қатысуы көзделеді. Мысалы, елді мекендердің мәртебесін, атауын және шекарасын өзгерту, жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін айқындау мәселелері.

Сонымен қатар, ауылдық өкілді орган – «Кеңес» құрылады, ол жергілікті қоғамдастықты дамыту жоспары мен бюджеттің орындалуын бекітеді, ауылдық деңгейде салық мөлшерлемелерінің мөлшерін реттейді, сондай-ақ ауылдардың сапалы абаттандырылуын бақылайды.

Осыған қоса, 2022 жылдан бастап ауыл деңгейіне салықтар мен төлемдердің қосымша төрт түрі берілетін болады. Бұл бірыңғай жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, оларды сатудан түсетін түсімдер және жалдау құқығын сатқаны үшін төлем. 2023 жылы тағы да бірқатар салықтар мен төлемдер берілетін болады. Фискалдық орталықсыздандыру бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде 2025 жылы ауылдық округтер бюджетінің өзін-өзі қамтамасыз етуінің 35%-ға дейін өсуі күтілуде.

Тұжырымдама жобасында коммуналдық меншік объектілерін тиімді пайдалану және жергілікті бюджет шығыстарының ұтымды бөлінуін арттыру бойынша шаралар көзделген.

Осылайша, тіркелмеген коммуналдық меншік объектілерін түгендеу және есепке қою оңайлатылған тәртіппен жүргізілетін болады. Ауылдық округ әкімі «Кеңес»-пен бірлесіп жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне беруге жататын мүлік түрлерін айқындайтын болады. Ауылдарда әлеуметтік объектілерді жобалауға арналған шығыстарды төмендету үшін үлгілік жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады.

«Ұсынылған тәсілдерді тиімді іске асыру үшін нақты мерзімдер мен жауапты орындаушыларды көрсете отырып, іс-қимыл жоспары әзірленді. Жоғарыда аталған барлық шаралар халықтың нақты қажеттіліктерін ескеруге және азаматтардың жергілікті атқарушы билік органдарына деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады Ә.Ерғалиев.

  • 07.07.2021
  • 280
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика