- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
«Қазгидромет» РМК шекара маңы аумағында мониторинг жүргізеді
Батыс Қазақстан облысындағы Бурлин ауылының тұрғындары жергілікті мемлекеттік органдарға ауадағы тшрақты күкіртсутектің иісіне шағымданды. Халықты ауа сапасы туралы онлайн ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазгидромет РМК 1 шілдеден бастап Бурлин ауылында Чапаевская көшесі 14/2 бойынша қоршаған ортаның ластануын бақылау пунктін (ПНЗ) орнатып, іске қосты.
Ластаушы заттардың шоғырлануы туралы ақпарат "Қазгидромет" РМК серверіне келіп түседі және экологиялық реттеудің интерактивті картасында және Air.kz мобильді қосымшасында көрсетіледі. Өз кезегінде, атқарушы органдарда ауаның ластануы, шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кету саны туралы сенімді ақпарат болады, сондай-ақ жағымсыз иістердің көздерін анықтау және себептерін жою бойынша жұмыстар жүргізе алады.
- 09.07.2021
- 164