- Блогтар
- Дарбаев А.К.
Дарбаев А.К.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
Ұлттық экономика министрлігінде тарифтік саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті
28 маусымда Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің төрағалығымен ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыс әкімдерінің орынбасарларының, Табиғи монополияларды реттеу комитеті басшылығының, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен тарифтік саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
«Ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, Үкімет коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауда. Сондай-ақ тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері арасындағы мүдделер теңгерімін қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Ә.Ерғалиев.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және ағымдағы жылға арналған міндеттер туралы ведомство төрағасы Асан Дарбаев айтты.
Мемлекет басшысының тарифтік саясатқа қатысты тапсырмаларын орындау шеңберінде ТМС қызметіне бақылау күшейтілді, ТМС сатып алуына талдау жүргізілді, тариф белгілеудің және халықпен кері байланыстың ашықтығы қамтамасыз етілді, ТКШ коммуналдық қызметтеріне негізделген тарифтер қамтамасыз етілді.
«2021 жылы коммуналдық қызметтерге тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес бекіткен реттелетін табиғи монополиялар субъектілердің қызметтер тарифтерінен инфляцияға салым дәлізін сақтау бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда», - деді А. Дарбаев.
Бұдан басқа, 17 өңірлік комиссияның құрамы кеңейтілді, тариф белгілеу мәселелерін қарауға көп адамдарды тарту мақсатында қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қосылды. Бүгінде өңірлік комиссиялардың құрамына облыстық мәслихаттың депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «Атамекен» ҚР ҰКП, ҮЕҰ, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері және сарапшылар кіреді.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Әсет Ерғалиев тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу, монополистердің қаражатты мақсатты пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Комитет алдына қойылған міндеттерді сапалы орындау бойынша тапсырмалар берді.
- 09.07.2021
- 279