- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі орталық мемлекеттік органдардың 50 өкілі үшін кезекті оқыту семинарын өткізді.
Онлайн семинар 2021 жылғы 8 шілдеде Мемлекеттік қызмет істері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің, Бас прокуратураның, мәдениет және спорт, сауда және интеграция, денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің қызметкерлері үшін өтті.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыру жоба әкімшілері мен азаматтық сектор арасында үнемі талқыланатын бағыттардың бірі болып табылады.
Семинар тақырыбы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру тәртібі мен рәсімдерін, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобаларына мониторинг жүргізу мен бағалауды түсіндіруге бағытталды.
- 10.07.2021
- 294