• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сақтағанов Н.А.
Сақтағанов Н.А.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мереке күні Риддер тұрғындарымен кездестім. Бірінші кезекте "Ботаника" жаңа шағын ауданына барып, ірі орман өртінен зардап шеккен тұрғындырға арнап салынып жатқан үйлердің құрылыс барысын тексердім

Бүгінде 32 баспананың құрылысы аяқталуға жақын.
⠀
Қазіргі уақытта бірнеше үйде әрлеу жұмыстары жалғасуда, сонымен қатар жолдарды абаттандыру және асфальттау жұмыстары жүргізілуде. 15 шілдеге қарай су мен электр энергиясы қосылады.
⠀
Айта кетсек, барлық тұрғындарға толықтай дайын үй тапсырылады, тіпті әрқайсысында ас үй жиһазы орнатылады. Өртке дейін шағын баспанасы болған тұрғындардың өзі 80 шаршы метрлік кең үйге қол жеткізбек.
⠀
Кездесуде мердігер компаниялардың өкілдері сапалы құрылыс жүргізіп жатқанын жеткізді. Әрине, барлық жаңа үйді арнайы комиссия қабылдайды. Жоспар бойынша алғашқы тұрғындар жаңа үйлеріне 18 шілдеде, қалғандары - 15 тамызға дейін кіруі тиіс.
⠀
Сондай-ақ, бүгінде өрттен келген залалды есептеу жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталды және ертеңнен бастап адамдар өтемақы ала бастайды.
⠀
Кездесу барысында көп балалы отбасылармен әңгімелестім. Азаматтар белгісіз адамдардың интернетте үйлердің сапасыз салынғаны туралы жазған пікірлеріне өкініш білдірді. Аналардың айтуынша, құрылысшылар өте сапалы жұмыс істеуде. Айта кетейін, тұрғындарға құрылыс алаңдарына баруға және құрылысшыларға өз тілектері мен өтініштерін білдіруге рұқсат етілген болатын. Сөздерінің дәлелі ретінде отбасылар өздерінің жаңа үйлерін көрсетіп, қоныс тойына шақырды.
⠀
Бүгінде Риддер қаласында тұрғын үй алу кезегінде 45 көп балалы отбасы тұр, олардың 20-сы осы жылы-ақ өз баспаналарына ие болады. Олар үшін жайлы әрі кең үйлер "Ботаника" шағын ауданында салынады.
⠀
Сапар соңында Риддердегі вакцинациялау барысымен таныстым. Қалада 10 стационарлық және бір жылжымалы екпе салу пункті жұмыс істейді. Олардың барлығы мереке күндері де жұмыс істеуде, өйткені қызметке деген сұраныс артты. Естеріңізге салсам, ШҚО-да дәрігерлер мен күш құрылымдарының 100 %-ы екпе алды. Қазір вакцинация студенттер мен мұғалімдер, сондай-ақ қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін азаматтар арасында белсенді жүргізілуде.

  • 12.07.2021
  • 368
Сақтағанов Н.А.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Сақтағанов Н.А.
(Мұрағат)

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика