- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
Қапшағайда «Asyl jurek» республикалық волонтерлер слеті өтті
Алматы облысының Қапшағай қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Asyl jurek» республикалық волонтерлер слеті өтті. Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев, жастар ресурстық орталықтарының өкілдері және волонтерлер қатысты. Республикалық слеттің басты міндеттері республиканың үздік волонтерлік топ жетекшілерінің тәжірибе алмасуы, оларды өзара ынтымақтастыққа шақыру, волонтерлік бағыттар бойынша біліктілікті арттыру болып табылады. Іс-шара барысында бұл саладағы сарапшылар түрлі тренингтер ұйымдастырып, алғашқы волонтерлік ойындар өтті. Эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Толығырақ
https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/230054?lang=kk
- 19.07.2021
- 307